Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3030 0 пікір 2 Ақпан, 2010 сағат 06:02

2020 жылға қарай Қазақстанның нақты ІЖӨ өсуін 2009 жылмен салыстырғанда үштен бірге ұлғайту; инфляцияны 5-8% дәлізінде ұстап тұру жоспарлануда

Астана. 1 ақпан. ҚазТАГ– Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның 2020 жылға дейінгі старатегиялық даму жоспары бекітілді, деп хабарлады президент баспасөз қызметі.

Президент сайтында дүйсенбі күні премьер-министр Кәрім Мәсімовтың құжатына түсініктеме жарияланған.

«Қазақстанның 2020 жылға қарай ішкі жалпы өнімі (ІЖӨ) нақты көрсеткіштерде 2009 жылмен салыстырғанда үштен бірге өсуі керек. Он жыл бойғы инфляция 5-8% аралығында сақталады», - делінген түсініктемеде.

Премьердің айтуынша, мемлекеттің алдағы 10 жылдағы күш жігері «бес негізгі бағытта шоғырланады: дағдарыстан кейінгі дамуға; экономиканы шапшаңдатып әртараптандыруға; болашаққа инвестиция салуға; азаматтарға қызмет; ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастардағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге» бағытталады.

«Экономиканы әртараптандыру мұнайгаз саласы мен мұнайгаз секторындағы инфрақұрылымдардың; металлуригя мен дайын металлургиялық өнім өндірісінің; химия, фармацевтика мен қорғаныс өнеркәсібінің; ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу; құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдарын өндіру, сондай-ақ энергетика, көлік және коммуникация саласындағы ілгерлей дамуы есебінен қамтамасыз етіледі», - делінген К. Мәсімовтың түсініктемелерінде. 

Стратегиялық жоспармен елдің келесідей негізгі даму көрсеткіштеріне қол жеткізу қарастырылған. 2015 жылға ІЖӨ үлесіндегі өңдеу өнеркәсіптің үлесін - 12,5%,  2020 жылға - 13%-дан кем емес деңгейге жеткізу.

Экспорттың жалпы көлемінде шикізаттық емес үлесін 2015 жылға 10-нан 40 %-ға, 2020 жылға 45%-ға жеткізу. Өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігі 2015 жылға 1,5 есе және 2020 жылға 2 есеге артады. Ауыл шаруашылығындағы өнімділік 2015 жылға 2 есеге, ал 2020 жылға 4 есеге артады. ІЖӨ қуат сиымдылығы 2015 жылға 10% және 2020 жылға  25% төмендейді.

«2015 жылға аграрлық сала экспорттық әлеуеті 4-тен 8%-ға өседі, құрылыстың қажеттігі 80% ішкі тауарлармен қамтамасыз етіледі, отандық мұнай өңдеу зауыттары елдің тұтынуын толық қамтамасыз етеді», - делінген түсініктемеде.

Ұлттық қор активтері 2020 жылға қарай ІЖӨ-нің 30%-ын құрап, $90 млрд-қа жетеді деп болжануда. 2020 жылға жұмыссыздық деңгейі 5%-дан аспайды.

Үкімет «орта білім беруде 12 жылдық оқыту сұлбасы табысты қаржыландырылады», «бала мен аналар өлім-жітімі екі есеге төмендейді; жалпы өлім-жітім көрсеткіші 30%-ға азайып, құрт ауруымен ауру көрсеткіші 20%-ға азаяды» деген міндет қойып отыр.

«Өмір жастың жалпы ұзақтығы 68-ден 72 жасқа дейін артады деп күтілуде», - деп көрсетілген түсініктемеде. 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371