Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4617 0 пікір 2 Ақпан, 2010 сағат 10:55

Атырауда 300 орындық әйелдер түрмесі ашылады

Атырау. 2 ақпан. ҚазТАГ – Атыраудағы «Алмагүл» ықшам ауданында 300 орындық әйелдер колониясы ашылады.

Атырау облыстық қылмыстық атқару жүйесі басқармасының бастығы Марат Дәулетов хабарлағандай, колонияда Қазақстанның батыс облыстарында – Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстарында сотталған әйелдер жазасын өтейді.

Мемлекеттік комиссия мекемені қабылдады, дейді сұхбатшымыз.

М. Дәулетовтың айтуынша, колония аумағы 1 гектар жерді алып жатыр. Онда жатақханасы, медсанбөлімі, асханасы, қазандығы мен басқа да мекемелері орналасқан он бес ғимарат бар.

М. Дәулетовтың айтуынша, қазір басқа түрмелерде жазасын атқарып жатқан 270 батыс-қазақстандықтар осы колонияға жеткізілуін күтіп отыр.

Қазақстандағы осымен бесінші болып табылатын әйелдер колониясының құрылысының құны республикалық бюджетке 1,2 млрд теңгеге түсті.

М. Дәулетовтың айтуынша, жаңа колония түрмелердің барлық халықаралық нормаларына сай жасалған.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1211
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2737
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 872
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 826