Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4737 0 пікір 2 Ақпан, 2010 сағат 11:07

Астанада ұлттық ғарыш орталығы салынады да, оның базасында ғарыштық аппараттардың толымдаушы бөлшектері құрастырылады – Қазғарыш басшысы

Астана. 2 ақпан. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. Астанада ұлттық ғарыш орталығы салынады да, оның базасында ғарыштық технолгиялар зертханасы мен ғарыштық аппараттарды жинақтау-сынақтан өткізу кешені ашылады, деп мәлім етті Қазғарыш басшысы Талғат Мұсабаев.

«Біз Астана әкімдігінен 30 гектар жер бөлуіне қол жеткіздік. Онда ғарыштық аппараттарды жинақтау-сынақтан өткізу кешені (ЖСөК) ашылатын болады» ,- деді ол сейсенбі күні, агенттіктің 2009 жыл қорытындысына арналған коллегиясында сөйлеген сөзінде. 

Т. Мұсабаев бөлінген жер теліміндегі құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) әзірленгенін атап өтті. Ұлттық ғарыш орталығында ЖСөК-тен басқа ғарыштық техниканың арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы, ғарыштық технологиялардың ұлттық зертханасы, мамандарды дайындау мен біліктілігін арттыру орталығы, мониторинг пен дифференциалды түзету орталығы, ғарыш аппараттарының (ҒА) толымдаушы бөлшектерін өндіру кәсіпорны болады.  

«ЖСөК-ті жобалау жөнінде стратегиялық әріптеспен келісімшартқа қол қойылды. Құрылыс алаңында инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізіліп, инженерлік -коммуникациялық  желілерге қосылудың техникалық шарттары, сәулеттік-жобалау тапсырмалары алынды», - дейді Қазғарыш басшысы.

Аталған жобадағы Қазақстанның әріптесі Франция болды. Тиісті құжаттарға Франция президенті Николя Саркозидің 2009 жылғы Қазақстанға жасаған ресми сапары барысында қол қойылды. Құжатқа сәйкес, бұл жобаны іске асыру үшін франция-қазақстандық бірлескен кәсіпорын құрылмақшы. Сондай-ақ тараптар жерді алыстан бақылайтын (ЖАБ) ғарыштық жүйе құрылысын қарастырған келісімшартқа да қол қойған.

Т. Мұсабаевтың айтуынша, бұл келісімшарттардың ерекшелігі - Қазақстанның технологиялық тұрғыдан әлем нарығына серпіліс жасауына мүмкіндік беріп, өзінің дербес ғарыш саласын құруға жағдай жасайтындығында.

Бірақ аталған жобаларды іске асыру үшін үкіметтен қаржылай көмек керек, дейді Т. Мұсабаев.

«Стратегиялық әріптеспен қол қойылған келісімшарттағы ЖАБ пен ЖСөК ғарыш жүйелерін қаржыландыру мәселесі әлі шешілген жоқ. Мәселе, бұл жобаның ТЭН-інің алғашқы нұсқасында қосымша құн салығы, теңгенің девальвациясы есептелмей қалғандығында, сондай-ақ құрылып жатқан Кедендік одақ аясында ҒА-ны алып келуде кедендік төлемдер міндетінің туындағанында болып тұр. Бұл факторлар жоба құнын екі есеге арттырып, 44-тен 80 млрд теңгеге жеткізді», - деді ол.

Т. Мұсабаев ҚазТАГ агенттігіне айтқандай, Қазғарыш барлық соманы сұрап отырған жоқ, тек бір бөлігін ғана сұрауда. Бірақ ол қажет қаражат сомасын нақтылаған жоқ.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371