Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2912 0 пікір 5 Ақпан, 2010 сағат 05:58

Альянс банктің қарыздарын қайта құрылымдау жоспары АӨҚО сотына мақұлдау үшін тапсырылды

Алматы. 4 ақпан. ҚазТАГ– «Альянс банк» АҚ қарыздарын қайта құрылымдау мен банкті қайта капиталдандыру жоспары сәрсенбі күні Алматының мамандандырылған қаржылық сотқа мақұлдау үшін тапсырылды. Банк баспасөз қызметі бейсенбі күні осындай ақпарат таратты.

«2010 жылы 3-ші ақпанда банк қайта құрылымдау жоспарын мақұлдау үшін Алматының мамандандырылған қаржылық сотына тапсырды. Мәселе бойынша ақтық тыңдаулар шамамен 2010 жылы 26-шы ақпанда өтуі тиіс. Оған банктің барлы конкурстық кредиторлары қатысуына болады. Тыңдаулардың нақты дәл уақытын банк кейін нақтылай түседі», - делінген банк жариялаған хабарда.

Сондай-ақ банк, 1-ші ақпанда ҚР қаржылық қадағалау агенттігі (ҚҚА) банктің қайта құрылымдау жоспарын қабылдап, мақұлдағаны айтылады.

Қайта құрылымдау нәтижесінде банк қарыздарының көлемі 4 есе қысқаруы тиіс.

«Банктің қайта құрылымдауға жататын жалпы қарыздарының көлемі 677 млрд теңге немесе қосылған пайыздарды қоса есептегенде, шамамен - $4,5 млрд. Қайта құрылымдау жоспарын іске асыру нәтижесінде банк қарыздары 150 млрд теңгеге дейін, немесе $1 млрд-қа дейін азаюы тиіс», - делінген банк хабарында.

«Альянс банкі» АҚ ҚР банктерінің арасында актив көлемі бойынша алтыншы орында. ҚҚА деректері бойынша 2009 жылғы банктің активтері 529,99 млрд теңгені, меншік капиталының дефициті  - 448,45 млрд теңгені құрады. Көрсетілген кезең ішіндегі банктің шығыны 605,8 млрд теңгені құрады. 13 сәуірде Альянс банкі  сыртқы қарыздарды қайта құрылымдауды бастайтынын хабарлады және 2009 жылғы 19 наурыз бен 10 сәуірде төленуі тиіс қарыздардың дефолтын жариялады.  8 шілдеде кредиторлармен банктің сыртқы қарыздарын қайта құрылымдауға байланысты түбегейлі келісім туралы жариялады, ал 5 қазанда банк міндеттемелерін қайта құрылымдау жөніндегі кредиторлар комитетімен келісімге қол қойды. Альянс банктің акциясы 2009 жылғы 30 қазанда KASE-де делистингке ұшырады. РФЦА соты банктің міндеттемелерін қайта құрылымдау мерзімін 2009 жылғы 15 наурызға дейін ұзартты. 15 желтоқсанда банк қарыздарды қайта құрылымдау мәселесі бойынша Альянс банк кредиторларымен ақырғы келісімге жеткендігі жайында хабарлады. 2009 жылғы 30 желтоқсанда АФН банктің акциясын ҰӘҚ-ның пайдасына шеше отырып, 100% жай және басым акцияның жалпы құны 1 теңге  есебімен тәркіледі. Сөйтіп, ҰӘҚ банктің жалғыз акционері болып қалды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371