Астанада 2010 жылы қоқыс өңдейтін зауыт іске қосылады – әкім
Астана. 4 ақпан. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. Астанада 2010 жылы тәулігіне 1600 тонна қоқыс өңдейтін зауыт іске қосылады, деп қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.
«Биыл қоқыс өңдейтін зауыт іске қосылады. 700 мыңдай халқы бар мегаполис үшін бұл үлкен технолого-экологиялық алға жылжушылық. Зауыт тәулігіне 1600 тонна, немесе сағатына 80 тонна қалдықты өңдей алады», - деді ол бейсенбі күні халықпен өткен дәстүрлі жыл сайынғы кездесуінде.
И. Тасмағамбетовтың деректері бойынша, күн сайын қала полигонына 1100 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылады. Ол шамамен 18 жүк вагонындай. Қала құрылыс нысандарынан құрылыс қалдықтарын тәртіпсіз қала сыртына шығару салдарынан қалаға экологиялық қауіп төнгендіктен, мәслихат шешімімен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ведомсвтоаралық комиссия құрылды.
«Нәтижесінде құрылыс нысандарындағы барлық мердігерлер қалдықтарын қала қоқыс полигонына шығара бастады. 2009 жылы тек жарты жылда полигонда 32 мың құрылыс қалдықтары кәдеге жаратылып, ол 2008 жылмен салыстырғанда 2 есеге көп болды», - дейді қала басшысы.