Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3646 0 пікір 6 Ақпан, 2010 сағат 05:14

Мәскеудегі Қазақстан елшілігі Бауыржан Момышұлы туралы кітаптың таныстырылымын өткізді

Мәскеу. 5 ақпан. ҚазТАГ – Ресейдегі Қазақстан елшілігінде жұма күні  «Легендарный батыр» («Аты аңызға айналған батыр») атты кітаптың  таныстырылымы болып өтті, деп хабарлады дипломатиялық миссия баспасөз қызметі. 

Жинақтама батырдың 100 жылдық мерейтойына орайластырып, «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығымен және коммерциялық емес «Фонд памяти» («Ескерткіш қоры») қорымен, Ресейдегі Қазақстан елшілігінің көмегімен әзірленді. Онда Бауыржан Момышұлының күнделік дәптерінен бұрын жарияланбаған жазбалары мен оның сұхбаттары, мәскеу мұрағаттарындағы сақтаулы суреттері, сондай-ақ майдандас-достарының естеліктері жарияланды.

Кітап таныстырылымында сөйлеген сөзінде Ресейдегі Қазақстан елшісі Зауытбек Тұрысбеков «кітап – екі  ел достығын нығайтудағы даңқты батырдың есімін мәңгі есте сақтау мен ресейлік және қазақстандық жас буынның жаңа бейнесін қалыптастыру ісіндегі үлес», - деп атап өтті.

Шараға танымал халық жазушысы Шерхан Мұртаза, Қазақстан парламентінің депутаты Сатыбалды Ибрагимов, Орынбай Рахымбердиев пен Амангелді Момышев, соғыс және еңбек ардагерлерінің мәскеу қалалық кеңесінің төрағасының бірінші орынбасары, генерал-лейтенант В. Прохоров, Б. Момышұлының қызы Елена Коркина, аты аңызға айналған генеарл Панфливтың қызы Майя Панфиова, ресей мемлекеттік орган өкілдері, ққазақстандық және ресейлік сарапшылар мен ғалымдар, ардагерлер, қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364