Синоптиктер Қазақстанның солтүстігі, шығысында және орталығында бұрқасындатып, оңтүстігінде тұман түсіп, жел күшейеді деп болжап отыр
Алматы. 25 ақпан. ҚазТАГ– Бейсенбі күні республика аумағының басым бөлігі тұтас атмосфералық ағымдар ықпалында болып, соның әсерінен жекелеген аудандарда қар жауып, бұрқасындатып, оңтүстігінде - кей жерлерінде жауын-шашындатып, тұман түсіп, көктайғақтанып, жел күшейеді, - деп хабарлады ТЖМ.
Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде бұрқасындатып, 15-20 м/с жел тұрып, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында кей жерлерде көктайғақтанады.
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында – кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақтанып, 15-23 м/с жел тұрады
Алматы облысында - кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақтанып, 15-20 м/с жел тұрады, Жалаңашкөл ауданында 20-25 м/с жел тұрып, ұйтқығанда 30 м/с болады.
Қызыорда облысында - кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақтанады.
Атырау облысында – кей жерлерде бұрқасын болады. Маңғыстау облысында – кей жерлерде тұман түседі.
Алдағы күндері Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облысының тау бөктеріндегі өзендерде су деңгейінің тербелісі байқалып, Сырдария мен Алматы және Жамбыл облыстарының өзендерінде сең бұзылып, су тасып, жекелелегн өзендерде тоспа пайда болып, су деңгейі күрт көтерілуі мүмкін.