Жойылып жатқан Наурыз банктің экс-басшысы Ержанов Мәскеуде ұсталды – қаржы полициясы
Алматы. 4 наурыз. ҚазТАГ– Лариса Черненко. Жойылып жатқан Наурыз банктің экс-басшысы Оразалы Ержанов Мәскеуде ұсталды, деп хабарлады ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай.
М. Жұманбайдың айтуынша, О. Ержанов «1-ші наурызда ұсталды және қазір оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр».
М. Жұманбай, Наурыз банктің экс-басшысына халықаралық іздеу бес жыл бұрын жарияланғанын еске салды. Ол үш млрд теңгеден астам қаржыны өзінің басқаруындағы ұйымдасқан қылмыстық топпен жымқырған және басқа да қылмыстармен де айыпталып отыр.
«Осы іс бойынша сотқа тартылған банктің басқарма төрағасының орынбасары Дүйсібәлиев пен корпоративтік қарым-қатынас департамент директоры Өмірәлиевтер мүліктері тәркіленіп, алты жылдан бас бостандығынан айрылған. Одан басқа, О. Ержановтың туыстары - ағайында Нарбаевтар бес жылға сотталды», - дейді М. Жұманбай.
Наурыз банк консервациялық тәртіпке 2004 жылы 9-шы қарашада енгізілген. Қазір банк мәжбүрлеп жойылу кезеңін басынан кешіріп жатыр.