Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2676 0 пікір 16 Наурыз, 2010 сағат 05:34

Ресей футболшысы спортқа деген қазіргідей қарым-қатынаспен Қазақстанда футболдың дамитындығына сенбейді – sportbox.ru

Алматы. 15 наурыз. ҚазТАГ – Белгілі ресейлік футболшы Егор Титов астаналық «Локомотив» футбол клубымен келісім-шартты бұзды. Бұл жайында спортшы ресейлік sportbox.ru сайтына берген сұхбатында айтқан.

«Клубты («Локомотив» - ҚазТАГ) басқаратын адамдар өздерін дұрыс ұстамады. Көп мәселе әлі таласты жағдайда тұр. Барлығын жақсылықпен шешуге тырысып жатырмыз. Алайда әзірге барлық егжей-тегжейді айта қоятын уақыт емес. Бірақ мұндай жағдайға өмірімде бірінші рет тап болғанымды айта аламын. Қазақстан футбол тұрғысынан алғанда маған экзотикалық ел болып қалды. Егер спорттың бұл түрі ол жақта осындай қарқынмен дами берсе, онда енді жиырма жылдан соң да ешнәрсе орнынан қозғалмайды», -деп мәлімдеді Е.Титов басылымға.

«Тіпті ақшаны айтпаған күннің өзінде басшылықтың футболшыларға деген қарым-қатынасын көріп, жағамды ұстадым. Қазақстанда жүріп енді мен қашан үйіме қайтамын деп шын мәнінде күн санадым. Жергілікті футболшылар, сырттан келген легионерлер мұнда болып жатқан оқиғаларды жаһанға жария қылады деп үміттенетін сияқты, өздеріне бастама алғысы келмейді», -деді ол.

Осымен бірге бұрынғы «легионер» «қазақ футболында ұйымдастыру жағынан болсын, басшылықтың ойыншыларға деген қарым-қатынасынан болсын, жақсы клубтар бар» деп есептейді: Мысалы, Қарағандылық «Шахтер», «Тобыл», «Ақтөбе» командалары. Алайда «өзге командаларда көп нәрсе ішкі қолданыс үшін, бір нәрсе үшін емес, біреулер үшін жасалады», деп есептейді ресейлік футболшы.

Сонымен бірге, жалақы бойынша қарызын алу үшін  спортшы «Локомотив» клубын әзірге сотқа бергісі жоқ. «Сот – ең ақырғы шара. Мен – бейбітшілікті жақтайтын адаммын. Қазақстандық «Локомотивті» басқарғысы келіп отырған адамдардың ақылы бар және барлығы дұрыс аяқталады деп үміттенемін», - деді ол.

Наурыз айының басында ресейлік өзге бір басылым «Газета.Ру», Егор Титовпен бірге астаналық «Локомотивтен» екінші бір ресейлік футболшы Андрей Тихонов та шығарылды, деп хабарлаған. Оларды шығарудың ресми себебі спортшылардың келмеуіне байланысты.

«Қаңтар айында 33 жасар Егор Титов пен 39 жасар Андрей Тихонов клубтағы жағдай біршама өзгерді деп айтқан. Біріншіден, өзі бір жағынан «Локомотивтің» шабуылшысы болған клуб президенті Данияр Хасенов жұмыстан шеттеп, құпия түрде жоқ болып кеткен. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан темір жолы» компаниясында үлкен қызметте отырған күйеу баласы Данияр Хасеновтің кепіл болуымен осыдан бір жыл бұрын Титов пен Тихонов Қазақстанға келіп, екі жылға келісім-шарт жасауға келіскен», -деп жазады «Газета».

«Содан соң клубта Қазақстанда әдетке айналған оқиғалар орын ала бастады. Берілген кепілдің барлығы жалған болып шыққан. Ал, әлсіздеу турнирге жоғары жалақы үшін келген футболшылар бес айға жалақы және сыйақы алмай ойнауға қалды. Ақырында Астаналықтар келісім-шартты бұзу үшін формальды желеу іздеуге кірісті», -деп талдайды басылым. 

ҚазТАГ тілшісіне осы жағдайға байланысты «Локомотив» клубынан түсініктеме алу әзірге мүмкін болған жоқ.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394