Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3484 0 пікір 28 Наурыз, 2010 сағат 18:18

Алматы облысының әкімшілігі тасқын су қиратып кеткен Қызылағаштағы қаза болғандарға ескерткіш орнатпақшы

Алматы. 27 наурыз. ҚазТАГ – Алматы облысының басшылығы Ақсу ауданындағы тасқын су қиратқан Қызылағаш аулында қаза болғандарға ескерткіш орнатпақшы, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Облыс әкімінің тапсырмасымен Қызылағаш аулында қаза болғандардың аты-жөні көрсетілген ескерткіштің нобайы жасалып жатыр және ол осы ауылда орнатылады. Ескерткіштің айналасында бақ егіліп, маңайы абаттандырылады», - делінген сенбі күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталовтың қатысуымен өткен Ақсу ауданындағы апаттың салдарын жою оперативті штабының отырысының хабарында.

Ресми мәлімет бойынша ауылда 43 адам қаза болды.

ТЖМ мәліметтерінше 24-ші наурызға туыстары екі азаматтың: Ерзат Бағдатұлы, 2005 жылы туылған және Рысжан Төлеубай, 1984 жылы туылған – хабар ошарсыздығы туралы мәлімет беріп отыр. 

Бұрындары баспасөз қызметі төтенше жағдай салдарын жою департаментінің директоры, генерал-майор Д.Сатылғановтың басшылығындағы Қазақстан ТЖМ-нің республикалық жедел құтқару жасағы және азаматтық қорғаныс полкының күштерімен хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру жұмыстарын 2010 жылдың 30-шы наурызына дейін аяқтау жоспарлануда, деп хабарлаған болатын.

Бұрын хабарланғандай, наурыздың 11-нен 12-сіне қараған түні қатты жауған жауын мен еріген қардан Қызылағаш су қоймасының бөгетін су бұзып, Қызылағаш елді мекенін қиратып кеткен. Құтқару жұмыстары барысында 385 адам құтқарылып, 1153 адам эвакуацияланды, 154 автокөлік сүйреп шығарылып, өзен арқылы 9146 адам өткізілді. Зардап шеккен 508 адамға, оның ішінде 30 балаға медицналық көмек көрсетілді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5304