Қазақстан 5,5 млн тонна астық экспорттады; АШМ астық тасымалдау шығынын арзандатуға қосымша тағы 10 млрд теңге сұрап отыр
Астана. 29 наурыз. ҚазТАГ – Айгүл Түлекбаева. Қазақстан 5,5 млн тонна астық экспорттады.
«20-шы наурызға былтырғы астықтың 5,5 млн тоннасы экспортталды. Ол былтырғы көрсеткіштен 1,3 млн тоннаға артық», - деді ауыл шаруашылығы министрі (АШМ) Ақылбек Күрішбаев дүйсенбі күнгі үкіметтегі селекторлық кеңесте.
Дегенмен министрдің айтуынша, «ахуал күрделі болып қалып отыр». Рекордтық астықтан қалғаны 4,9 млн тоннаға былтырғы жылдағыдан (2009 шілде/ 2010 жыл маусым маркетингтік жылы – ҚазТАГ) артық.
«Нәтижесінде көптеген элеваторлар лық толы. Осындай жағдайда әлемдегі астық бағасының төмендеуі салдарынан экспорт қарқыны да төмендеуі байқалады», - дейді А. Күрішбаев.
Ауыл шаруашылық министрлігі тасымалдау шығынына тоннасына $20 дан 40 долларға дейін субсидия бөлу арқылы Қытай мен РФ бағытында экспорт қарқынын арттыру керек деп есептейді.
«Астық тасымалдау шығынын арзандату үшін қосымша 10 млрд теңге бөлу керек. Аталған шара жаңа астық өніміне дейін қосымша 4 млн тонна астық экспорттауға мүмкіндік беріп, сол арқылы іштегі астық нарығын тұрақтандыруға септігін тигізеді», - дейді министр.