Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4371 0 пікір 29 Наурыз, 2010 сағат 06:14

ШҚО әкімі мемлекеттік БАҚ өкілдерінің су басқан аудандардағы жағдай туралы берген ақпараттары шындыққа жанаспайды деп налынды

Астана. 29 наурыз. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мемлекеттік БАҚ өкілдерінің су басқан аудандардағы жағдай туралы берген ақпараттары шындыққа жанаспайды деп налынды.

«Кәрім Қажымқанович, менбе БАҚ беріп жатқан ақпараттарға қатысты бір өтінішім бар. Мен олардың шындыққа жанасатын ақпарат бергенін қалаған болар едім», - деді Б. Сапарбаев дүйсенбідегі үкімет селекторлық кеңесінде.

Атап айтқанда, мысалы ретінде ол, жекелеген БАҚ-тардың ШҚО-ның бір ауданындағы жағдай туралы хабарын келтірді. «Аудан жарықсыз қалды, адамдарда азық-түлік жоқ, ешкім құтқарылмады т.б. деп жазып жатыр. Осындай сюжеттерді мемлекеттік телеарналар мен радио хабарлап, басылымдар басып жатыр», - деп облыс басшысы ашуланды.

Б. Сапарбаев жағдаймен оқиға орнында танысуды ұсынды.

«Егер мәліметтер қажет болса, онда оларға (БАҚ-тарға – ҚазТАГ) біз ондай мәліметтерді бере аламыз. Өз көздерімен көргісі келетін болса (аудандардағы жағдайды – ҚазТАГ), көлік ұйымдастырамыз. Көзбен көріп, шын ахуалды жазсын», - деді ол.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1016
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2557
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 707
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 676