Сейсенбі, 1 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3429 0 пікір 30 Наурыз, 2010 сағат 12:22

Қазақстан Словакияны Еуропалық одақтағы перспективалы серіктес ретінде қарастырады - Назарбаев

Астана. 30 наурыз. ҚазТАГ – Айгүл Түлекбаева. Қазақстан Словакияны Еуропалық одақтағы перспективалы серіктес ретінде қарастырады, деп сейсенбі күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Словакия президенті Иваном Гашпаровичпен кеңейтілген құрамда өткен келіссөздерде мәлім етті.

«Қазір ғана жеке-дара келіссөздер барысында біздер ынтымақтастықтың зор әлеуеті барлығы туралы ортақ пікірге келдік.  Қазақстан Словакияны Еуропалық одақтағы перспективалы және маңызды серіктес ретінде қарастырады», - деді Н. Назарбаев.

Оның айтуынша, Қазақстанда бірлескен 17 компания жұмыс істейді. «Қаржылық дағдарысқа қарамай, былтыр екі ел арасындағы сауда айналымы 10%-ға өсіп, $1 млрд 200 млн болды», - деді мемлекет басшысы.

Өз кезегінде И. Гашпарович, Қазақстан «Словакия үшін де және ЕО үшін де Орта Азиядағы негізгі серіктес болып табылатынын» атап өтті.

«Бізде даулы мәселе жоқ, біз ең алдымен экономикалық мәселелердегі өзара қарым -қатынасымызды жақсарту мүмкіндіктерін іздейміз», - деп атап көрсетті Словакия президенті.

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 198
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 240
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 228
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 158