Оңтүстік Қазақстанда биыл 2 млн бас төл аламыз деп отыр – ауыл шаруашылық басқармасы
Шымкент. 30 наурыз. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы биыл облыста 2 млн 300 мың бас төл алынады деп болжап отыр.
«Қазір облыста 3 млн 591 мың қой бар. Олардың 70% - саулық бас. Орташа есеппен әрбір 100 саулықтан 95 қозыдан алынады. Асыл тұқымды шаруашылықта көрсеткіш одан да жоғары болып, 100 бас саулықтан - 100 қозы алады. Асыл тұқымды шаруашылықта 240 мың бас саулық бар», - деп, сейсенбі күні ауыл шаруашылық басқармасынан ҚазТАГ-қа хабарлады.
Мамандардың пікірінше, төл алуда жоғарғы көрсеткішке жетуге қыстың жылы болып, былтыр дайындаған мал азығының молдығы септігін тиігізіп отыр. Ал ерте келген көктем ақпанның өзінде малдарды жайылымдарға шығарып жаюға мүмкіндік берді.