Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3257 0 пікір 30 Наурыз, 2010 сағат 12:25

Қарағанды облысында екі жыл бұрын өлтірген аққу үшін браконьерден 58,4 мың теңге өндірілді

Қарағанды. 30 наурыз. ҚазТАГ – Қарағанды облыстық табиғатты қорғау прокурорының тапсырмасымен аңшылық инспекциясы екі жыл бұрын заңсыз аңшылықпен аққу өлтірген браконьерден материалдық шығын өндіріп алу туралы шағым берді. Шағым-арызда көрсетілген 58,4 мың теңге айыппұлды Нұра аудандық соты толығымен қанағаттандырды. Бұл туралы табиғатты қорғау прокуроры Рүстем Дүйсембаев мәлім етті.

«2008 жылы желтоқсанда Нұра ауданы ІІБ қызметкерлері Киевка кентінде аққудың өлтірілгенін анықтаған. Тексеру барысында заңсыз аңшылықпен аққуды атқан адам анықталған. Сараптама қорытындысы бойынша аққу сирек құстар қатарына жатпағанымен оған аңшылыққа тыйым салынғаны белгілі болды», - деді Р. Дүйсембаев.

Азаматтың әрекетінде қылмыстық жауапкершілікке тартылатын белгілер жоқ деп, полиция тергеушілері 2009 жылы қаңтарда қылмыстық іс қозғаудан бас тартты. Бірақ шешімінің көшірмесін сотқа әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жіберген. Аудандық сот шешімімен оған 3АЕК мөлшеріндегі айыппұл салынды. 

«Бірақ бұл ретте, бір жыл бойына бір де мемлекеттік орган табиғатқа келген материалдық шығынды өндіріп алу туралы шағым-арыз бермеген», - дейді прокурор.

Соның нәтижесінде Қарағанды табиғатты қорғау прокуратурасы аңшылық инспекциясына шұғыл түрде ондай шағым-арызды беруді тапсырды. Оны қараудың қорытындысында сот, заңсыз аңшылықпен мемлекетке келтірген материалдық шығын ретінде жергілікті тұрғыннан 58,4 мың теңге өндіру туралы шешім шығарды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303