Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5750 0 пікір 31 Наурыз, 2010 сағат 17:17

Кедендік одақ туралы ақпараттың тапшылығы халық арасында қауесет пен қате ұғым тудырады – Ресейдегі Қазақстан елшісі

Мәскеу. 31 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан, Ресей және Беларусь азаматтарында Кедендік одақ (КО) туралы ақпараттың жетіспеушілігі құрылып жатқан интеграциялық құрылым туралы қауесет пен қате ұғым тудырады. Осыған байланысты КО елдердің үкіметтері халыққа экономикалық бірігудің артықшылығы туралы түсіндіру жұмысын жандандыруы тиіс. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Зауытбек Тұрысбеков осындай пікір білдірді.

«Біздің елдердің халықтарына Кедендік одақ артықшылықтары жайлы сауатты да дәйекті түсіндіру жұмыстарын жандандыру керек деп есептеймін. Бұған барлық мемлекеттік аппаратты, бұқаралық ақпарат құралдарын, ҮЕҰ мен азаматтық қоғамның басқа да институттарын жұмылдыру қажет», - деді З. Тұрысбеков сейсенбі күні Мәскеуде өткен «Кедендік одақ: құқықтық қамтамасыз ету мен дамыту жолдары» атты дөңгелек үстелде.

«Кедендік одақ жобадан нақты іс жүзіне айналды. Қоғамда бұл бірлестіктен қандай салдар туындауы мүмкіндігі жайлы пікір талас басталды. Халық бұл тақырыпты тұтынушылар тұрғысынан талқылайды. Олар ә дегенде тағамдар мен халық тұтынатын тауарларға, автомобильдерге деген бағаның тек қымбаттағанын ғана көреді. Сондықтан бүгіндері Кедендік одақ жұмысының оң әсері туралы ортақ пікір жоқ. Неге? Жеткілікті деңгейдегі ақпараттандыру мен түсіндіру жұмыстары жоқ. Халықта да, кәсіпкерлерде де, тіпті төменгі буын мемлекеттік аппаратта да ақпарат жеткізілксіз. Ал ақпараттың жетіспеушілігі, өздеріңіз білетіндей, қауесет пен жаңсақ ұғым тудырады», - деп есептейді елші.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963