Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5561 0 пікір 31 Наурыз, 2010 сағат 17:18

Мәскеудегі Белгісіз жауынгердің зиратынан Жеңіс алауы Павлодарға жеткізіледі

Павлодар. 31 наурыз. ҚазТАГ – Мәскеу Кремілінің маңында орналасқан «Белгісіз жауынгер зираты» мемориалдық кешеніндегі мәңгілік Жеңіс алауы Павлодарға жеткізілетін болады. Бұл туралы облыс әкімдігінің сәрсенбі күні өткен Жеңіс Күнін тойлау шараларына арналған кеңесінде белгілі болды. 

Алауды «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері жеткізетін болды, дейді облыстың ішкі саясат басқармасының бастығы Айзада Құрманова.

«Теникалық мәселе шешілді. Алауды арнайы контейнерде әкелетін болды. Ондай контейнер православтық епархияда бар, және оны олар беруге дайын», - деді А. Құрманова.

Осы идеяны ұсынған «Жас Отан» жастар қанатының өкілі Серік Жартыбеков алауды Павлодарға мамырдың басында жеткізу жоспарланып отырғанын айтты. Ол алаудан қаладағы Жеңіс скверіндегі «Мәңгі алау» жағылады. Ауқымды эстафета аясында ол алауды арнайы шырағданмен облыстағы барлық елді мекендерге жібереді.

Мәскеуде қазақстандықтарға «Молодая гвардия» қозғалысы мен «Единая Россия» партиясының өкілдері қолдау көрсетеді.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963