Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3822 0 пікір 1 Сәуір, 2010 сағат 13:47

Қазақстанда сатылмай қалған астық былтырғыдан 4,5 млн тоннаға артық қалып отыр – АШМ

Қостанай. 1 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан астық сатуда елеулі проблемаға тап болып отыр. Осы себепті ауыл шаруашылығы министрлігі (АШМ) астық экспортына субсидияны көбейтуді сұрайды. Сондай-ақ егістік құрылымын әртараптандыру мәселесін көтеруде.

«Қазақстанда қазір сатылмай қалып отырған астық былтырғыдан 4,5 млн тоннаға артық», - деді АШМ басшысы Ақылбек Күрішбаев Қостанайдағы аграрилер кеңесінде.

«Астық сату – үлкен проблема», - деп атап көрсетті министр.

Ол оған объективті себептер бар дейді. Олар - «сатуға кері әсерін тигізді, атап айтқанда, әлемдік дағдарыс, негізгі астық экспорттаушы елдерде өнімнің көптігі».

Бұл ретте АШМ басшысы барлық қиындықтарға қарамай, «Азық-түлік корпорациясы» 2009 жылы 5 млн тонна астық сатып алғанын атап өтті. «5,5 млн тонна астық экспортталды. Бұл 2008-2009 маркетингтік жылдан 1,3 млн тоннаға артық», - деді ол. «Бірақ сатылмай тұрған астық та көп», - деп қосты министр.

А. Күрішбаев, қазір АШМ «астық экспортына субсидияны 20 доллардан 40 долларға дейін көбейтуді» сұрап отырғанын мәлім етті. «Бұл туралы хат қаржы министрлігінде жатыр», - дейді ол.

АШМ басшысы астық сату проблемасы жағдайында егістік құрылымын әртараптандыру қажеттігі одан да өзекті болып тұрғанын атап өтті. «Бидай үлесінің  95% болуына жол бермеу керек. Егер 90-шы жылдарды еске алсақ, егістік құрылымында бидайдың үлесі 53% болған», - деп мәлімдеді министр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318