Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4034 0 пікір 1 Сәуір, 2010 сағат 13:48

Қарағандыда спартак Жеңіс марафоны бастау алды

Қарағанды. 1 сәуір. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Қарағандыда Жеңістің 65 жылдығы мен «Спартак» халықаралық спорт қоғамының 75 жылдығына арналған жүгіруден халықаралық жеңіл ателетикалық «Спартак Жеңіс марафоны» бастау алды. Бұл шараның бастаушысы болған да «Спартак» қоғамы.

Өздеріңіз білетіндей, ұзақ марафон үш елде – Беларусия, Украина және Қазақстанда бірден басталады. Қарағанды командасының құрамында белсенді 15 спортшы қатысып отыр. Олардың арасында мемлекеттік мұрағат қызметкері, классикалық 33 марафонға қатысушы Любовь Асанова, Мәскеудегі 1980 жылғы Олимпиаданың ашылу рәсіміне қатысушы, қазақша күрестен үш дүркін ҚР чемпионы, 53 жасар Әбдіразақ Ізтілеуов, кәсіпкер, спорттық бағдарлаудан ҚР чемпионы  Дмитрий Слезов, дәрігер-анестезиолог Сергей Уваров және басқалар бар.

Қарағандылықтар 17 күнде 3070 км қашықтықты жүгіріп өтулері тиіс. Жүгіру сапар желісі Астана, Атбасар, Есіл, Аманқарағай, Қостанай, Троицк, Челябинск, Уфа, Верхнеяркеево, Набережные Челны, Қазан, Чебоксары, Нижний Новгород, Владимир арқылы өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ара қашықтықты қатысушылар эстафеталық әдіспен сағатына 11-12 км-ден жүгіріп отырады. Команда тәулігіне орташа есеппен 200 км жүгіріп өтеді. Жалпы «жүгіру» сағаты 300-дей болады.

Команда Мәскеудегі Манежная алаңындағы Г. К. Жуков ескерткішінің жанындағы мәреге 18-ші сәуірде жетеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 959
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2461
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 663
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 639