Тасқын судан зардап шеккен ШҚО тұрғындарына палаткалар мен ақшалай көмек беріледі
Өскемен. 2 сәуір. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай және Зайсан аудандарындағы тасқыннан зардап шеккен әрбір отбасы 10 орындық жылы палаткалар мен азық-түлік, төсек-орын, киім-кешек, сондай-ақ отбасының әр мүшесіне 5 мың теңгеден ақшалай көмек алады. Бұл туралы Шығыс Қазақстанға жұмыс сапарымен келген бірінші вице-премьер Өсірзақ Шүкеев мәлім етті.
«Облыстың мемлекеттік резервінен палаткалар, бірінші кезекте қажет азық-түлік бөлінді. Барлығы 366 млн теңгеге. Одан басқа республикалық бюджеттен тасқын су зардаптарын жоюға 849 млн теңге бөлінді», - деді Ө. Шүкеев.
Аталған қаражат жартылай аудан арасында бөлініп те қойды.
Сондай-ақ 14 қала мен ауыл округтарында жағалуды бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған 33 мердігер мекемелер мен 140 техника тартылған.
Бұрын хабарланғандай, ҚР президентінің тапсырмасымен 31-ші наурыз бен 1-ші сәуір аралығында Шығыс Қазақстанға жұмыс сапарымен бірінші вице-премьер Өмірзақ Шүкеев барып қайтты. Сапар мақсаты – тасқын судың өңірге келтірген шығынын шамалап, қауіп-қатер мен қирау ауқымын бағалау болатын.
ШҚО ТЖД мәліметтерінше, ауа райының күрт жылуы мен таудағы қар еруіне байланысты облыстың Тарбағатай мен Зайсан аудандарында 1157 тұрғын үйді су басып, оның 536-сы жөндеуге жарамсыз күйге түсті. 2,5 мың бас ірі қара мал, 16,7 мың ұсақ мал, 550-ден астам жылқы өлді.