Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2915 0 пікір 3 Сәуір, 2010 сағат 07:14

Назарбаев пасха қарсаңында барша қазақстандықтарға Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді нығайта беруін тіледі

Астана. 3 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев  қазақстандықтарды Пасха мейрамымен құттықтап және оларға бейбітшілік пен келісімді нығайта беруін тіледі.

«Қымбатты отандастар! Сіздерді шын жүректен Пасхамен құттықтаймын! Бұл – махаббат пен мейірім, түсіністік пен кешірім тәрізді адами асыл қасиеттерді паш ететін жарқын мереке», - делінген ресми басылымдар жариялаған президент құттықтауында.

Н.Назарбаев, көп ұлттың және әрқилы конфессияның өкілдері мекен еткен Қазақстанда дінаралық өзара сыйластықтың игі дәстүрлері орныққанын атап өтті.

«Бұл біздің халқымыздың кеңпейілділігі мен кемеңгерлігінің арқасында, сонымен бірге мемле­кетіміздің қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, түрлі діни конфессиялар мен мемлекеттер ара­сындағы жемісті үнқатысуды қол­дауға бағытталған сындарлы саясатының нәтижесінде мүмкін болды», - деп есептейді президент. 

«Бүгінде елімізде бейбітшілік пен тыныштық орнап отыр. Біз бола­шақ­қа батыл көз тігіп, гүлдену мен өркендеу үстіндегі жасампаз Қа­зақ­станды құрудамыз. Бізде мешіттер мен шіркеулер, костелдер мен синагогалар қатар бой көтеруде. Елордамыз әлемдік діндердің диалогы өтетін танымал орталыққа айналды. Жақында Астанада Ор­та­лық Азиядағы ең ірі кафедралды собор ашылды. Оның ашылу салтанатына өзінің Қазақстанға жасаған бірінші сапары барысында Мәскеу және күллі Русь Патриар­хы Кирилл келіп қатысты», - деп атап өтті Н. Назарбаев.

Ол осы күннің біздің әр шаңыра­ғымызға жарқын үміт пен шынайы шаттық әкелетініне сенімді.

«Бұл тек туған-туысқа ғана емес, қайырым мен көмекке мұқтаж жанның баршасына қамқорлық көрсетіп, мейір-шапағат төгетін мезгіл. Ендеше бір-бірімізге мейірімді де қайырымды болайық! Әрқайсымыз­дың жүрегіміздегі, отбасымыздағы, ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасындағы бейбітшілік пен келісімді одан әрі де нығайта түсейік!», - деді президент қазақстандықтарға қаратып.

«Баршаңызға, қымбатты менің отандастарым, бақыт пен денсаулық, игілік пен береке тілеймін», - деп аяқтайды мемлекет басшысы өзінің құттықтауын.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369