БҰҰ және ШЫҰ ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды
Ташкент. 6 сәуір. ҚазТАГ - БҰҰ және Шанхай ынтымақтастығы ұйымының (ШЫҰ) бас хатшылары Пан Ги Мун мен Мұратбек Иманәлиев дүйсенбі күні Ташкентте ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды.
«Бұл құжатқа қол қою екіжақты қызығушылық тудырып отырған салалардағы тығыз ынтымақтастық үшін әлеует бар екенін көрсетеді», - деп мәлім етті Пан Ги Мун Өзбекстанға жасаған сапарын қорытындылаған кезде.
БҰҰ бас хатшысының айтуынша, ынтымақтастық саласына қақтығыстардың алдын алу мен реттеу, лаңкестікке қарсы күрес, жаппай қырып-жою қаруын таратпау, тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету, қоршаған ортаның проблемаларын шешу енгізіліп отыр.
Пан Ги Мун БҰҰ мен ШЫҰ хатшылықтарының арасындағы ынтымақтастық туралы декларацияға БҰҰ Бас Ассамблеясының «БҰҰ мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымының арасындағы ынтымақтастық туралы» резолюциядан кейін қол қойылып отырғанын еске салды.
Ол қазірдің өзінде БҰҰ-ның бірқатар бөлімшелері ШЫҰ-мен бірлесіп жұмыс атқарып жатқанын жеткізді.
Олардың қатарында Азия және Тынық мұхиты аймағы үшін экономикалық және әлеуметтік комиссия (ЭСКАТО), БҰҰ-ның есірткі және қылмыс басқармасы, БҰҰ-ның Орталық Азиядағы превентивті дипломатия жөніндегі Аймақтық Орталығы бар.