ҚР премьері Ливанның жоғарғы басшылығымен екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуын талқылады
Астана. 6 сәуір. ҚазТАГ – ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ливанға жасаған ресми спары аясында осы елдің басшылығымен екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуын талқылады, деп хабарлады сейсенбі күні үкімет баспасөз қызметі.
«Ливан президенті Мишель Сулейманмен кездесуі кезінде Ливан мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы пікір алмасылды. Кездесуде экономикалық ынтымақтастықтың тереңдеуі үшін барлық жағдайлардың барлығы атап өтілді. Тараптар аталған үдерістің дамуына деген қызығушылық танытты», - делінген таратылған хабарда.
Ливан премьері Саад Аль-Хариримен К. Мәсімовтың сұхбаты барысында қазақстан-ливандық ынтымақтастық перспективасын, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы саласындағы, туризм мен қаржы секторындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, кездесу барысында Таяу Шығыстағы ахуал мен елдердің бейбітшілік орнатудағы ынтымақтастық мүмкіндігі талқыланды.
Олар аяқталған соң, Қазақстан мен Ливан сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар туралы меморандумға қол қойылды.
ҚР үкіметінің басшысы Ливан СІМ басшысы Али Хасан аль-Шамимен жеке кездесу өткізіп, Ливанды Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне (АӨСШК) шақырды.

«Дипломат ынтымақтастыққа қызығушылық танытып және Ливанның Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың нығаю үдерісіне қатысуға дайын екенін білдірді», - делінген ақпараттық хабарда.