Ауа райына байланысты БҰҰ бас хатшысының ұшағы Қарағандыға қонуға мәжбүр болды
Қарағанды. 6 сәуір. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. Ауа райының қолайсыздығынан БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунды алып жүрген Як-42 ұшағы Қарағандыға қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз хатшысы Ілияс Омаров хабарлады.
«Төртінші аялдамаға қазір ЯК-42 ұшағы келіп тұрады. Бізге хабарлауынша, ұшақ бортында 50 адам - ҚР сыртқы істер министрлігінің өкілдері бар. Біз vip-залды дайындап жатырмыз. Ауа райына байланысты Астана ұшақтарды қабылдамай жатыр. Қазір Астана қабылдамаған тағы екі ұшақ Қарағанды әуежайынан қонуға рұқсат сұрады», - деп хабарлады Қарағанды әуежайындағы дерек көзі.
Бұрын хабарланғандай, БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун өзінің Орта Азияға сапары аясында Қазақстанға келді. Ол Курчатов қаласына және Шығыс Қазақстан облысындағы Семейге барып, бұрынғы семей ядролық полигонын ұшып аралап көрді. Ол тәулік соңына қарай Астанаға ұшып келеді деп күтілген жәнеАстанада ЕҚЫҰ-ның ісбасындағы төрағасы, ҚР мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен кездеседі деп жоспарланған, бірақ бұл кездесу 7-ші сәуірге қалдырылды.
Одан басқа, сәрсенбі күні, 7-ші сәуірде оны Ақ ордада ҚР президенті Нұрсұлтан Назарабев қабылдайды.
Бұрын хабарланғандай, бұл БҰҰ бас хатшысының Қазақстанға жасаған тұңғыш сапары.

СІМ баспасөз қызметінің хатшысы Ілияс Омаровтың айтуынша, сапар мақсаты саяси байланыстарды нығайтып, ҚР басшылығымен ынтымақтастық және Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы тұрғысынан халықаралық проблемаларды талқылау.
СІМ атап көрсеткендей, БҰҰ-мен ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдықтардың бірі.
Қазақстан БҰҰ құрамына 1992 жылы кіріп, ұлттар қауымдастығының толыққанды мүшесі құқығын сақтап қалды.
«БҰҰ-на мүшелік – ол Қазақстанның бейбітшіліктің жоғарғы идеалдарына, даму мен жалпы өркендеуге беріктігінің куәсі», - дейдң І. Омаров.