Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2559 0 пікір 7 Сәуір, 2010 сағат 15:51

Семейде дозиметрия орталығы құрылады, ол бұрынғы семей сынақ алаңының тұрғындарына арнайы радиологиялық төлқұжаттар жасаумен айналысады – ҚОҚМ басшысы

Астана. 7 сәуір. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. Семейде кешенді дозиметрия орталығы құрылады да, ол бұрынғы семей ядролық сынақ аумағының тұрғындары үшін радиологиялық төлқұжат жасаумен айналысатын болады. Бұл туралы қоршаған ортаны қорғау министрі (ҚОҚМ) Нұрғали Әшімов шетелдік журналистермен кездесуінде мәлім етті.

«Біздің жоспарымызда арнайы бағдарлама жасап, оның аясында арнайы республикалық кешенді дозимтерия орталығын құру бар. Орталық полигон тұрғындары үшін радиологиялық төлқұжат жасаумен айналысады», - деді ол.

Министр Семейдегі радиациялық медицина мен экология ҒЗИ орталық құрамына кіруі мүмкін дейді. Бұл орталыққа сынақ алаңының бұрынғы тұрғындары тұрақты түрде анализдерін тапсыра алады. 

Сонымен қатар ҚОҚМ басшысы «жақын аралықта полигон территориясының жасыл зона деп аталатын аймағының 80%-ын ауыл шаруашылығы айналымына қайтарып берілмекші екендігін атап өтті». 

Бұрынғы семей ядролық сынақ полигоны шартты түрде үш зонаға бөлінгені белгілі. Олар – жасыл, қызғылт және қызыл зоналар. Біріншісінде, Н. Әшімовтың айтуынша, тұрақты түрде топырақ және су құрамы тексеріліп тұрады.

«Жасыл зонадағы су уланбаған, ол тексеріліп тұрады. Жасыл аумақта жұмыс істеуге болады, оны ауыл шаруашылық жұмысқа пайдалануға болады. Біздің есебімізше ол жерлердің 80%-ын ауыл шаруашылығы айналымына қайтарып беруге болады. Ал қызғыл зонада арнайы жұмыс істеуге болады, бірақ онда тұруға болмайды. Ал қызыл зонаға тіпті кіру мүмкін емес. Осы екі зона тұрақты түрде қорғалады», - деді министр.

Ол бұрынғы полигон аумағы кіретін жаңа аудан құру мүмкіндігі талқыланып жатқанын айтты. «Қазір полигон үш облыстың құрамында жатыр. Олардың проблемаларын шешуді жеңілдетіп, басқаруға ығңғайлы болуы үшін барлығын бір ауданға біріктіру мүмкіндігі туралы ұсыныстар бар», - дейді Н. Әшімов. Оның айтуынша бұл ұсынысты қазір тиісті органдар қарастырып жатыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394