Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 8918 0 пікір 28 Мамыр, 2009 сағат 14:55

Бақыт қайдан келесің?

Қабан (Қабылиса) жырау Асанұлы
(1733 - 1824)
Азан шақырып қойған есімі Қабылиса болғанымен, жаужүректігі, батырлығы үшін оны халық «Қабан» деп атап кеткен. Жырау ел басына күн туып, қазақ халқы жоңғар шапқыншылығына ұшыраған сәтте жауға аттанады. Ол өз жырларында елді бірлік пен татулықты сақтауға, алауыздыққа жол бермеуге шақырады. Оның «Қызыр Ғалайһиссаламның бақытпен тілдесуі» деген сұхбат түріндегі жырының мәні “кім Алланың дінін қалтқысыз ұстап, береке мен ынтымақта болады, бақыт соған барып тұрақтайды” дегенге келеді. Бұл орайда одан алты жүз жыл бұрын өмір сүріп, түркі халықтарына хикметімен тура жол көрсеткен Қожа Ахмет Ясауидің адамның кемелдікке жетуі үшін ұсынған төрт шарты еске түседі: «Кеңістік, уақыт, бауырмалдық-өзара ынтымақтастық, мемлекет басшысына риясыз бағыну». Қабан жырау да осы талаптың барлығын берік ұстаған ел бақытты болатындығын айтады:
– Бақыт қайда барасың?
– Көршімен болған бірлігі,
Тағат, ғибадат тірлігі
Ұйымшыл елге барамын.
Жырау жаратылыстың небір ғажайыбын ақылға салып, барлық нәрседен ғибрат алуға үндейді, Алланы ұлықтауды жанның рахаты деп біледі. «Жан-жануар, құрт-құмырсқа барлығы да бір Аллаға жалбарынады. Мұны ғапыл пенде ғана көрмесе керек-ті», – деп жырлайды ол.

Қабан (Қабылиса) жырау Асанұлы
(1733 - 1824)
Азан шақырып қойған есімі Қабылиса болғанымен, жаужүректігі, батырлығы үшін оны халық «Қабан» деп атап кеткен. Жырау ел басына күн туып, қазақ халқы жоңғар шапқыншылығына ұшыраған сәтте жауға аттанады. Ол өз жырларында елді бірлік пен татулықты сақтауға, алауыздыққа жол бермеуге шақырады. Оның «Қызыр Ғалайһиссаламның бақытпен тілдесуі» деген сұхбат түріндегі жырының мәні “кім Алланың дінін қалтқысыз ұстап, береке мен ынтымақта болады, бақыт соған барып тұрақтайды” дегенге келеді. Бұл орайда одан алты жүз жыл бұрын өмір сүріп, түркі халықтарына хикметімен тура жол көрсеткен Қожа Ахмет Ясауидің адамның кемелдікке жетуі үшін ұсынған төрт шарты еске түседі: «Кеңістік, уақыт, бауырмалдық-өзара ынтымақтастық, мемлекет басшысына риясыз бағыну». Қабан жырау да осы талаптың барлығын берік ұстаған ел бақытты болатындығын айтады:
– Бақыт қайда барасың?
– Көршімен болған бірлігі,
Тағат, ғибадат тірлігі
Ұйымшыл елге барамын.
Жырау жаратылыстың небір ғажайыбын ақылға салып, барлық нәрседен ғибрат алуға үндейді, Алланы ұлықтауды жанның рахаты деп біледі. «Жан-жануар, құрт-құмырсқа барлығы да бір Аллаға жалбарынады. Мұны ғапыл пенде ғана көрмесе керек-ті», – деп жырлайды ол.
Тағлымды пікірдің иесі, тілінен зікірі кетпеген, қиын заманда күн кешсе де, шүкірден жаңылмаған Қабан жыраудың бірнеше жырын оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Қызыр ғ.с. – ның Бақытпен сөйлесуі

Бақыт қайдан келесің?
– Бақыт қайдан келесің?
– Берекесіз адамнан,
Ата-анасы наданнан,
Үркіп, қашып келемін.
– Бақыт қайдан келесің?
– Мақтанып көңілін өсірген,
Білгішпін деп есірген,
Есірік ұлдан келемін.
– Бақыт қайдан келесің?
– Сүйектен сөзін өткізген,
Миына шатақ еккізген,
Кесепат қыздан келемін.
– Бақыт қайдан келесің?
– Ата-анаға жақпаған,
Өтірік, бәле жаттаған,
Келіннен қашып келемін.
– Бақыт қайдан келесің?
– Ораза, намаз оқымас,
Алланың атын тоқымас,
Бейнамаздан келемін.
– Бақыт қайдан келесің?
– Еріне тілін тигізген,
Тозаққа өзін күйгізген,
Биапар жаннан келемін.
– Бақыт қайдан келесің?
– Сыйламаған көршісін,
Ұрыспен алған еншісін,
Сұмдардан қашып келемін.
Бақыт қайда барасың?
– Бақыт қайда барасың?
– Ата-анасын сыйлаған,
Ұйымшылдық ойлаған,
Тату жанға барамын.
– Бақыт қайда барасың?
– Өсірген жақсы баласын,
Сыйлаған ата-анасын,
Көргенді ұлға барамын.
– Бақыт қайда барасың?
– Бал-бұл жанған көрікті,
Ұл мен қызы серікті,
Берекелі үйге барамын.
– Бақыт қайда барасың?
– Еш адамды күндемес,
Өсек отын үрлемес,
Әдепті үйге барамын.
– Бақыт қайда барасың?
– Ұлы, қызы есейген,
Ауызбіршілік күшейген
Келінді үйге барамын.
– Бақыт қайда барасың?
– Сыйлай білген молданы,
Діннің жолы қорғаны
Шуақты үйге барамын.
– Бақыт қайда барасың?
– Көршімен болған бірлігі,
Тағат, ғибадат тірлігі
Ұйымшыл елге барамын.
– Бақыт қайда барасың?
– Тарауық намаз оқыған,
Көңілге аят тоқыған,
Ниетті елге барамын.
– Бақыт қайда барасың?
– Намазға қатар отырған,
Тарауығын оқыған,
Тыңдағалы барамын.
– Бақыт қайда барасың?
– Сәресі сахар ішетін,
Хақ жолына түсетін,
Сәресі ішуге барамын.
– Бақыт қайда барасың?
– Балбыраған бесікті,
Қайыры бар есікте,
Балалы үйге барамын.
– Бақыт қайда барасың?
– Келін мен қызы ибалы,
Ата-анасы сыйлалы,
Сондай үйге барамын.
– Бақыт қайда барасың?
– Туысымен татулы,
Жаман сөз жоқ шатулы,
Ынтымақты үйге барамын.
– Бақыт қайда барасың?
– Соғысқа құмар ойы жоқ,
Ұлан-асыр тойы көп,
Бейбіт елге барамын.

Бәрің-дағы тыңдаңдар
Сөйлейтін сөз келгенде аузыма,
Елек қойып бола ма ел аузына.
Болыңдар тіршілікте тату-тәтті,
Бір күні барамыз ғой көр аузына.
Дүниеде ешбір қатер жуымайды,
Әркім ие боп жүрсе өз аузына.
Басына бәле адамның тілден болар,
Сол тілден ұрынады сөз дауына.
Әр адам өз аузына ие болса,
Қызырдың жолығады қорғауына.
Кейбіреу айтар сөзін біле алмайды,
Түседі сол сөзінің торлауына.
Қонбаса кей адамға бақыт құсы,
Құр тілдің бола ма екен зорлауына.
Адамға әдейілеп ажал жетсе,
Қарамас аттаны мен ойбайына.

*   *   *

Тіл алсаңдар, шырағым,
Өсек сөзді елеме.
Үйір болғын, шырағым,
Жақсы сөзге өнеге.
Тіршілікте сыйласқын
Дүние қайтып келе ме?
Дүниеге сенім жоқ,
Мінерсіз бір күн кемеге.
Айтар әркім білгенін
Сөз ғып оны немене.
Қағыспай халқым тек жүрсін
Онан пайда өне ме?
Өсек-аяң сөз болса,
Жуытпағын денеңе.
Әділдің озар адымы,
Адал жан шығар төбеге.
Тентек адам шыға алмас,
Төбе түгіл сөреге.
Біреуге адам ор қазса,
Өзі түсер өреге.
Не болса соны ілік қып,
Жүгінбеңдер төреге.
Әділетті төре жоқ,
Түсетін шөре-шөреге.
Ақынның елі сондай деп,
Үлгісі жақсы қандай деп,
Болыңдар елге өнеге.
Елім-жұртым сізге айтам,
Бірлікті бол, шырақтар.
Бірлікті жерде ризық көп,
Ол адам елге тұрақтар.
Ауызбірлік бар жерде
Жететұғын мұрат бар.
Ауызбірлік жоқ жерде
Қиянатты қият бар.
Ұяттың иман қабы дер,
Имандыда ұят бар.
Көпшілікке жаққан жан,
Басына жаққан шырақ бар.
Фани тұрмақ бақида
Мінетұғын пырақ бар.
Ешкімнің хақын жемеңдер.
Артында оның сұрақ бар.
Әділетсіз адамда
Ұяты жоқ қият бар.
Ісі адал адамға
Шығатұғын қырат бар.
Ісі арам адамдар
Қашақтап, қорқып, жырақтар.
Ақылы жоқ адамдар
Тентектің сөзін қуаттар.
Ақылы бар адамдар,
Бал бастаудан суаттар.
Тыңдаңыздар, ағайын,
Жекжат пенен жұраттар.
Түзелер заман кейінде
Бұл сөзімді бейімде.
Кейінгі қалған ұрпақтар,
Заманға жақсы тұрақтар!

Ал, ұста бұл сөзімді жалған емес

Ал, ұста, бұл сөзімді жалған емес,
Бұл дүние имандыға арман емес.
Дүниенің қызығы үшін мал жинаймыз,
Мал, шіркін, ешкімге еріп барған емес.
Бұрынғы пайғамбар мен сахабалар,
Пайда ғып ешкім малын алған емес.
Өтірік, ұрлық, зорлық, мекер, қайла,
Бұл үлгі пайғамбардан қалған емес.
Артынан қу нәпсінің ере берсең,
Қу нәпсі жүгірістен танған емес.
Нәпсіге тоқтау қылған бәндесіне,
Тозақтың оты кеулеп жанған емес.
Қаупі жоқ ахиреттің ғазабынан,
Жиылып дүние үшін қылар кеңес.
Қайғысы екі жиһан ойында жоқ.
Көңілінде ойлағаны құлақ теңес.
Істей бер тіршілікте білгеніңді,
Біреудің қам-қайғысын біреу жемес.
Ал, енді, талай тағлым айтып қойған,
Анда-санда ойлаңдар мен байғұсты,
Дүние көшіп кетіп, қайта келмес.

Қабан жырау. Алтын қазық: Өлеңдер, айтыстар мен аңыздар. –Алматы: Берен, 1993. -176 бет.
«Үшқиян» газеті 21 мамыр 2009  жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371