Қырғызстанмен кедендік шекарада жемқорлыққа жол ашатын «көмескі аймақтар» бар, дейді мәжіліс депутаты
Астана. 16 сәуір. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Қырғызстанмен кедендік шекара бейне бақылау жүйесімен жартылай ғана қамтылған, бұл кеденшілердің жемқорлық әрекеттерге бару мүмкіндігін жоққа шығармайды, деп есептейді мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров.
«Кеден бекеттерінің жұмысын ұйымдастыруға назар аудару қажет. «Қордай» кеден бекетіне барғанымда бейне бақылаумен қамтылмайтын «өлі аймақтарды» байқап қалдым. Сондай аймақтардың бірі Қырғызстанмен шекарадағы үлкен алаң болып отыр», - деді Н. Әбдіров жұма күні жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында.
Оның айтуынша, «бұл кеденнің жұмыскерлері дәл осы «өлі аймақта» кеденші теориялық түрде Қазақстаннан келе жатқан көлікті өз қалауы бойынша шекарада тексерілмейтін дәліз арқылы өткізіп жібере алатынын мойындады».
«Кеденшілердің мұндай әрекеттері шекарадағы абыр-сабыр кезінде байқалмай қалуы мүмкін. Ондай жағдайлар болып тұратынын жоққа шығаруға болмайды», - деп жалғастырды депутат.
Оның пікірінше, кеден аумағындағы қауіпті аймақтардың бәрін бейне бақылаумен қамту керек. Н. Әбдіров Қазақстан жақын уақытта «Ресеймен және Белоруссиямен ортақ кедендік кеңістікке кіргенде» бұл тілек нақты талапқа айналуы мүмкін екенін жеткізді.

Еске сала кетейік, премьер-министр Кәрім Мәсімов үкіметтегі кеңестердің бірінде Қырғызстаннан тауар контрабандасының тыйылмай отырғанына алаңдаушылық білдірген болатын. Үкімет басшысы өзінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевке шекараға барып, оны материалдық-техникалық жабдықтандыру шараларын жеделдетуді тапсырды.