Алматы жанкүйерлері футболдан әлем чемпионатының кубогын көре алады
Алматы. 16 сәуір. ҚазТАГ - Футболдан FIFA әлем кубогы бар ұшақ жұма күні Алматы әуежайына келіп қонды.
Еске сала кетсек, тур кезінде әрбір қалаған азамат футболдан әлем кубогын өз көзімен көріп, естелікке суретке түсіп және әлем біріншілігінің үздік сәттерін көрсететін арнайы 3-D фильм көре алады. Мұндай мүмкіндік Алматылықтар үшін 18-ші сәуірде бір күн «Кока-Кола Алматы ботлерс» зауытының территориясында туады.
Кубок өзінің сапарын былтыр 21-ші қыркүйекте Цюрихтегі ФИФА штаб-пәтерінен бастады да, 4-ші мамырда Оңтүстік Африкада аяқтайды. Онда жазда футболдан әлем чемпионаты басталады. Турне барысында кубокты әлемнің 86 елінің жанкүйерлері көре алады.
Әлем кубогының биіктігі 36,8 см, салмағы 6,17 кг және таза алтыннан жасалған. Жеңімпаз ел оны келесі жарысқа дейін сақтап, алтын жалатылған көшірмесін алады.
Қазір футболдан әлем кубогының иесі - Италия құрамасы.