Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2075 0 пікір 18 Сәуір, 2010 сағат 12:46

Назарбаев Алматыға әкелінген футболдан FIFA-ның әлем кубогын көруді жоспарлап отыр

Алматы. 17 сәуір. ҚазТАГ - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға әкелінген футболдан FIFA-ның әлем кубогын жексенбі күні көруді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚазТАГ-қа қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекет басшысы Алматыға жексенбі күні екі күндік жұмыс сапарымен келмекші.

Бұрын хабарланғандай, жұма күні футболдан FIFA-ның әлем кубогы бар ұшақ Алматы әуежайына келіп қонды. Алматыда сенбі күні FIFA-ның әлем кубогының таныстырылымы болып өтіп, оған қала әкімі Ахметжан Есімов қатысты.

Әлем футболының негізгі сыйлығы Қазақстанға өзінің FIFA-ның әлем кубогы ретіндегі әлемдік турнесінің бір бөлігі аясында келіп отыр.

Кубок өзінің сапарын былтыр 21-ші қыркүйекте Цюрихтегі ФИФА штаб-пәтерінен бастады да, 4-ші мамырда Оңтүстік Африкада аяқтайды. Онда жазда, 11-ші маусымда футболдан FIFA-2010 әлем чемпионаты өтеді. Финалға өткен 32 команда Африка құрылығында әлемдегі ең қалулы сыйлық үшін күш сынасады. Ойын финалы 11-ші шілдеде Йоханнесбургтегі «Soccer City» стадионында өтеді.

Турдың жалпы ұзындығы 134 017 шақырым болып немесе Жер шарын үш рет айналып өтетіндей қашықтыққа созылады. Турне барысында кубокты әлемнің 86 елінің жанкүйерлері көре алады. Тур кезінде әрбір қалаған азамат футболдан әлем кубогын өз көзімен көріп, естелікке суретке түсіп және әлем біріншілігінің үздік сәттерін көрсететін арнайы 3-D фильм көре алады. Мұндай мүмкіндік Алматылықтар үшін 18-ші сәуірде туады.

Әлем кубогының биіктігі 36,8 см, салмағы 6,17 кг және таза алтыннан жасалған. Жеңімпаз ел оны келесі жарысқа дейін сақтап, алтын жалатылған көшірмесін алады.

Қазір футболдан әлем кубогының иесі - Италия құрамасы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502