ОҚО-да ұйымдасқан қылмыстық топтың қарулы мүшесі ұсталды
Шымкент. 24 сәуір. ҚазТАГ - Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) Сарыағаш ауданында ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесін ұстады, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.
«Ол 2006 жылы бұзақылығы үшін сотталған, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі ретінде ішкі істер органында есепте тұр. Бұл жолы ол заңсыз қарумен қолға түсті», - дейді ІІД баспасөз қызметінен.
Полицейлер Сарыағаш ауданының 31 жасар тұрғыны айдап бара жатқан Daewoo Nexia автокөлігін тоқтатты. Ер азаматты жеке тексеру барысында оның кеудешесінің төс қалтасынан РГП-5 гранатасы, ал көлік салонындағы жүргізуші орындығының астынан екі оғы бар келте мылтық табылды.
«Заңсыз қару ұстау, тасымалдау» бабы бойынша қылмыстық іс ашылып, ұсталған азамат қандай мақсатта өзімен бірге қару алып жүргені анықталуда.