УКРАИНАДАҒЫ АТО КЕЗІНДЕ 24 САРБАЗ МЕРТ БОЛҒАН
Украина шығысындағы анти террорлық операциялар кезінде қайтыс болған әскери қызметкерлер саны 24-ке жетті. Син Хуа агенттігінің мәліметінше бұл туралы кеше 19 мамыр Украина қауіпсіздік қызметі басшысы Валентин Наливайченко хабарлаған.
Ол өз сөзінде: «Бүгінге дейінгі АТО кезінде 24 әскери қызметкеріміз отан үшін өмірін қиды. Олардың арасында ішкі әскер, шекара күзеті, және «альфа» арнайы қызметінің сарбаздары бар. Сондай-ақ жараланғандар да көп», - деп мәлімдеді.
Ол сондай-ақ сеператистердің өздерінен қанша адам құрбан болғаны туралы ақпарат бермей отырғанын да атап өтті.