БАТЫСҚА АЛЬТЕРНАТИВ: ПУТИН ҚЫТАЙҒА БАРАДЫ
Бүгін, сейсенбіде Ресей президенті Путин Қытайға арнайы шақырумен барады. Шанхайда болатын екі жақты келіссөздерде соңғы он жылдықтардағы ең ауқымды келісім жасалмақ. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады. Аталған отырыс барысында бірнеше бағыттарда екі жақты әріптестік талқыланатын болады. Оның ішінде газ тасымалдау мәселесі өзекті болып отыр.
Владимир Путин Қытайға елдің басшысы Ши Жин Пинның арнайы шақыруымен келмек. Айта кететін болсақ бұл Қырымдағы жағдайдан кейін Ресей басшысының бірінші реткі шетелге арнайы шақырылуы.
Ресей президенті көмекшісі Юрия Ушаковтың жөзінше Жоспарланған екі жақты келісімдерде «келісімдердің фантастикалық пакеті» қаралатын болады. 40-тан астам келісім шарт жасалуы, 30-дан аса маңызды құжатқа қол қойылуы күтілуде.
Келісім аясында Ресей Қытайға жылына 38 миллиард текше метр газ жөнелтпек. Естеріңізде болса Ресей Украинаға газ жіберу мәселесінде қатаңдық танытып отыр. Бұл өз кезегінде Украинадағы қаржы дағдарысына себеп болды. Ресейдің Қытайға газ жөнелтуі Батыс елдерін алаңдатуда.
Абай-ақпарат