Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4225 0 пікір 19 Мамыр, 2014 сағат 16:01

ПРЕЗИДЕНТ ЖАУАПКЕРШІЛІК АРҚАЛАДЫ

Оңтүстік Корея Президенті Пак Кын Хе «Севол» паромының апатқа ұшырағаны үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. Оған қоса, аталған оқиғаға қатысты ұлттық жағалау күзетінің таратылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат France-Presse агенттігіне сілтеме жасап.

Президент жағалау күзетінің қызметкерлері аталған қайғылы жағдайға дереу әрекет ету бойынша шараны сәтсіз жүргізгенін алға тартып, бұдан да көп адамды аман алып қалуға болар еді деген ой айтқан. Естеріңізге сала кетсек, 16 Сәуірде апатқа ұшыраған Оңтүстік Кореялық «Севол» паромымен бірге 286 адам суға суға кеткен еді.

Ол өз мойнына жауапкершілік алатынын былай деп жеткізді: «Қайғыдан құса болған халқымның алдында Оңтүстік Корея тұрғындарының өмірі мен қауіпсіздігіне жауапты президент ретінде кешірім сұраймын! Не болса да, бұл апатқа мен жауаптымын!»

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5470