Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3863 0 пікір 19 Мамыр, 2014 сағат 15:06

ПУТИН ӘСКЕРГЕ ШЕГІНУГЕ БҰЙРЫҚ БЕРДІ


 

Ресей президенті  Владимир Путин Украина шекарасы маңындағы Ростов, Белгоград және Брянск облыстары аумағында әскери оқу-жаттығу өткізіп жатқан қарулы күшке бұрынғы орнына қайтуға әмір етті. Бұл туралы Кремльдің ақпараттар қызметіне сілтеме жасап BBC хабарлады.

  Ресей президенті жоспарланған көктемгі әскери жаттығу аяқталуы байланысымен Украина шекарасына таяу территорияда орналасқан қарулы күш құрылымдарын бұрынғы дисклокацияға қайтару туралы қорғаныс министріне бұйрық берген.

Естеріңізде болса 14 мамырда АҚШ-тың НАТО-дағы өкілдігі Ресей әскери техникаларының  әлі Украина шекарасына таяу тұрғаны туралы спутникті фотоны жариялаған болатын.  Ал одан бір апта алдында Путин Украина шекарасы маңында Ресей әскері жоқ деп мәлімдеме жасаған еді.

 

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475