Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 6750 0 пікір 15 Мамыр, 2014 сағат 15:18

ҚЫТАЙ ДЕМОКРАТИЯДАН НЕГЕ ҚОРҚАДЫ?

Қытай билігі «сайттарда қате ақпараттар таратқандарды және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекет құпиялығын әшкерелегендерді жазалау» деген атпен ел ішінде тексеру және тұтқындау науқанын қауырт жүргізуде.

BBC және «Азия жаңалықтары»AsiaNews) ақпаратының кешегі жаңалығына қарағанда, Сян Наньфу және Гау Ю есімді екі журналист қытай билігі тарапынан тұтқындалған. Қытай телеарналарының хабарлауынша, Сян Нанфу шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында дұрыс емес ақпараттар жариялап жүргені үшін, ал келесі журналист «мемлекет құпиялығын» әшкерелегендігі үшін тұтқындалған-мыс. Алайда, сарапшылар мен тұтқындалған журналистердің әріптестері ол екеуін өз кәсібінің шебері деп бағалап отыр деп жазады батыс ақпарат құралдары.  Бірнеше аптадан бері журналистер мен адам құқығын қорғаушылардың тұтқындалуы жиілеп кеткен. Оларға «мемлекет құпиялығын» әшкереледі және шетел БАҚ-тарында жалған ақпараттар таратты деген айыптар тағылған. Ал ақиқатында, олар коммунистер мен Қытайдың империялық пиғылын сынаған дейді жоғарыдағы ақпарат көздері.

62 жастағы Сян Наньфу Американдық «Boxun» ақпараттық сайтында «дұрыс емес ақпараттар» жариялап, халық арасында «алауыздық пен жанжал» тудырғандығын, ал 70 жастағы Гау Ю Қытай коммунистік партиясының құпия саясаттары жайындағы ақпараттарды әшкерелегендігін «мойындаған» деп жариялаған Қытай ресіми БАҚ-тары.

Ал қытай билігінің бұл тұтқындауларына аталған «Boxun» сайты да жауап қатып үлгеріпті. Сайт құрылтайшысы Уотсон Мэнның айтуынша, Сян Наньфу ақиқатшыл журналист. Ол тек Қытай билігінің қатігез жаныштауларын ашып жазғаны үшін тұтқындалып отыр деп мәлімдеген.

Ал Гау Юға жағдай қиын болатын түрі бар. Себебі түрмеде жеті жылдық жазасын өтеп болған ол енді «мемлекет құпиялығын шетел сайттарында жариялағандығы» үшін тағы он жылға сотталуы мүмкін дейді «Азия жаңалықтары».

Бірнеше аптаның алдында адам құқығы қорғаушылар Қытай билігінің Бейжиңде болған демокртиялық қозғалысты әскери күшпен жаныштаған «Тяньаньмэнь қырғыны» уақиғасының 25 жылдығына байланысты семинар ұйымдастырған-ды. Сол кезде жиналысқа қатысқан Пу Чжицян қатарлы профессор, журналист және халықаралық заңгерлерден жалпы алты адам қытай қауіпсіздік қызметкерлері жағынан тұтқындалған. Осы уақиғадан кейін АҚШ тарабы тұтқындалушыларды босату туралы мәлімдеме жарияласа да Бейжиң оған келісімін бермеген-ді. Қытай билігі үрке қарайтын осы «Тяньаньмэнь уақиғасының» 25 жылдығын еске алу барысындағы белсенділерді тексеріп, қуғындаудың соңы жоғарыдағы журналистердің тұтқындалуына дейін жалғасып отыр дейді BBC.

Батыс ақпарат құралдарының жазуына қарағанда, сейсенбі күні Қытай полицейлері Ханчжоу қаласындағы қытай демократтарының жиналысына басып кіріп, ондаған адамды тұтқындаған. Тұтқындалғандардың арасында белсенді блогер Вань Усэ, адам құқығы белсендісі Вэнь Кэжянь бар көрінеді. Вань Усэні қатарлы оншақты адамды екі сағат соң босатқан, ал Вэнь Кэжянді әлі қоя бермеген. Вэн Кэян қытайларды демократияға шақырып, «2008 декларациясына» қол қойғандардың бірі екен. 2010 жылғы Нобель бейбітшілк сыйлығының иегері Лю Сяобо да осы декларацияға қол қоюшылардың бірі. Ол 2009 жылы «үкіметті аударуға талпынған» деген қылмыспен 11 жылға сотталған болатын.

Ағылшын тілінен аударған: Санат Наққазақ.

Дереккөз: BBC және Азия жаңалықтары.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434