Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 5734 0 пікір 15 Мамыр, 2014 сағат 12:18

СЕРІК АБАС-ШАХ. ҚАЗАҚТАР, НЕ ІСТЕЙСІҢДЕР ОСЫ?

ХОККЕЙДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИНАТЫ: 
РОССИЯ - ҚАЗАҚСТАН 7 : 2.

Осыған күйініп жатқан қандастарымды байқамадым.
Жүйке тозатын не бар?

Хоккей мен футболымызды орыстар ойнап береді, коньки мен
шаңғымызды да солар теуіп береді.

Штангіні де уайымдамаңыз. Дүнгеніміз бен орысымыз көтереді.

Құрылысымызды түріктер мен өзбектер салып береді.

Мейрамхана мен кафелерде тамақты тағы да осы түрік, өзбек және
азербайжандар дайындап береді.

Шашыңды алып, бетіңдің әдемілейтіндердің көбі де осылар...

Автокөлік жөндейтін мықты шеберлер де басқалар.

Күнделікті қолданысқа пайдаланылатын тіліміз де орыстікі...

Саяси тұлғалар ішінде үлкен мінбеде қазақ тілінің проблемасын жиі айтып шырылдайтын да өзбек ағамыз: Розақұл Халмурадов. (Биліктегі шенеуніктер бұған да ерінеді немесе қорқады).

Ресей мен өзбектің әншісі болмаса тойымыздың сәні кірмейтін болды.

Астанадағы ірі мәдени шаралардың бәрі шетелдіктердің белсенділігімен ғана жүзеге асады.

Үстіміздегі киім, қолымыздағы зат туралы айтпай ақ қояйын. Тым
болмаса, қазақ тіккен іш киім алайын десең, ол да жоқ.

Премьер-министр болуға да "ерінетін" болдық.

Тізе берсек, мұндай алаңдататын мысалдар өте көп...

Р.S. Қазір күйеуге шыға алмай жүрген қаракөздеріміз көбейіп барады. Жігіттеріміз төсекте "еңбектенуге" де ерінетін болды ма?

ҚАЗАҚТАР, НЕ ІСТЕЙСІҢДЕР ОСЫ?

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5306