Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4317 0 пікір 15 Мамыр, 2014 сағат 10:39

ШАХТА ЖАРЫЛЫСЫ - ТҮРКИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ АПАТ

Түрік ақпарат көздерінің мәлімдеуінше, Сомадағы қаза болғандардың саны кеше жергілікті уақыт 22.00-ге дейін 274  болды. Қайғылы оқиғаға байланысты Түркия билігі үш күн «қаралы күн» деп жариялады. Апат сейсенбі күні кешке қарай Эгей теңізі аймағындағы Сомада болды. Электр желілерінен шыққан өрттен 787 адам жұмыс істеп жатқан шахтада жарылыс болған. Апат кезінде 280-ге жуық адам өздері жер бетіне шыққан. Қазірге дейін 450 адамның құтқарылғандығы жариялануда. Бұл Түркия тарихындағы ең ірі өндірістік апат болып отыр. Бұдан бұрын 1992 жылы 3 наурызда 263 жұмысшының өліміне себеп болған апат тіркелген еді. 1941 жылдан бері аталған елде өндірістік апат салдарынан 3000-дай кісі өлім құшқан.

Түркия билігіне әр елден көңіл айту хаттары келіп түсіп жатыр. Билік қаза болғандар мен жаралылардың туған-туыстарына барынша көмек көрсетуде. Құтқарушылар апат салдарымен  жедел күресуде. Елдің әр өңірінде көмек беру акциялары өтіп жатыр.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434