«ДОС БОЛУҒА ЛАЙЫҚТЫ ҚАЗАҚТЫ ДОС КӨР»
... Абай атамызға келсек, қазақтың ұлы ақынының сіз келтірген және, өкінішке орай, кейбіреулердің кейде өйстіп оңды-солды мүлде орынсыз қолданып жүрген даналық сөзінің шынайы мағынасы: «Қазақ болғаны үшін ғана кісі өлтіруші қылмыскерді де, ұрыны да, қарыны да, опасызды да, сатқынды да, өтірікшіні де, жалақорды да, саяси алаяқты да, биліктің құйыршығын да және басқа кері кеткендерді де дос көр», – емес, менің ұғымымда бұл: «Дос болуға лайық қазақты дос көр», – деген сөз. Өйткені ол кісінің өзі де халыққа тізесі батқан, ел тонаған, көпшілікке қиянат, зорлық жасаған, заңсыз іс-әрекеттерге барған замандас қазақтармен дос бола алмай, керісінше, олармен өмір бойы арпалысып өткені тарихтан белгілі. Абай шығармаларын ой елегінен өткізіп, санаңызға сіңіріп, мұқият оқып шықсаңыз, осыған көзіңіз жетпеуі мүмкін емес...
Жасарал Қуәнышәлиннің Интерент-коференцияда оқырман сауалына берген жауабы http://abai.kz/conference/view?id=8
Abai.kz