Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3795 0 пікір 13 Мамыр, 2014 сағат 10:26

РЕСЕЙГЕ САЛЫНҒАН ЖАҢА САНКЦИЯЛАР

 

Канада билігі Ресейдің Украинадағы дағдарысқа алып келген  әрекеттерін айыптап, 6 мамырда жариялаған санкцияларын кеңейте түсті.  BBC-дың ақпаратына сай Канада Украинадағы жағдайды халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік талаптарының өрескел бұзылуы деп сипаттап, Путин режимі агрессиясын жауапсыз қалдырмайтынын ескерткен.  Мәлімдемеге сай енді санкциялар саяси жауапкершілігі бар тұлғаларға салынуда.  Атап айытсақ Ресей қарулы күштерінің штаб бастығы Валерий Герасимов, Украина шығысындағы ресейшіл сеператис жетекшілерінің бірі Игорь Стрелков, сондай-ақ Ресей мемлекеттік думасының орынбасар хатшысы - Сергей Неверов пен Людмила Швецова(Екеуі де "Единой России" партиясынан.) сияқты тұлғалар қара тізімге іліккен.

Сонымен қатар бұл тізімде Украина азаматтары да бар. Олар -  жарияланған жаңа аймақтардың билігіне келген, Луганск облысының губернаторы Герман Прокопив, «Донецк халық республикасының» басшысы Андрей Пургин мен Денис Пушилин, «Донбасс халық жасағы» басшысы Сергей Цыплаков.

Естеріңізде болса 6 мамырда жарияланған Канада санкциясына Ресейлік 16 компанияға кірген. Ол тізімде Путиннің жақын жақтастары және 23 наурызда АҚШ жарияланған санкцияның қара  тізіміне енгендер бар болатын.

Бүгін сондай-ақ Еуроодақ та қара тізімге жаңадан енген тұлғалардың есімін жариялады. «Азаттықтың» хабарлауынша Тізімде Ресейдің Қырымды аннекциялап алуына қатысы бар шенеуніктер - Ресей президенті аппараты басшысының бірінші орынбасары Вячеслав Володин, Ресей әуе десанты күштерінің қолбасшысы Владимир Шаманов, Ресей мемлекеттік думасы конституциялық комитетінің басшысы Владимир Плигин, Ресей федералдық миграциялық қызметі басшысының міндетін атқарушы Петр Ярош бар. Санкциялар бұларға қоса Украинаның шығысындағы сепаратистердің жетекшілеріне - Славянскінің өзін-өзі жариялаған Вячеслав Пономаревке, Донецкідегі сепаратистік әскери отрядтың басшысы Игорь Безлерге және өзін-өзі жариялаған Донецк халық республикасы орталық сайлау комиссиясының басшысы Роман Ляхинге де салынған.  Тізімде Ресей Қырымды аннексиялап алғаннан кейін Қырымның жаңа билігі тәркілеген Черноморнефтегаз және Феодосия компаниялары да бар.

Абай-ақпарат

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394