Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Билік 12031 0 пікір 12 Мамыр, 2014 сағат 15:19

БҮГІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДБИКЕЛЕР КҮНІ

Қазақстанда бұл күні мейіргер мамандар арасында «Медициналық-санитарлық алғашқы көмек жүйесіндегі үздік мейіргер» кәсіби байқауы өткізілді; ауылдың денсаулық сақтау қызметкерлерін кеңінен тарта отырып, дөңгелек үстелдер, семинарлар, тренингтер, шеберлік-сыныптары ұйымдастырылды; үздік қызметкерлерге құрмет көрсетілетін Бүкіләлемдік мейіргерлер күніне арналған салтанатты іс-шаралар өткізіледі.  

Ағымдағы жылғы 16 мамырда Астанада «Медициналық-санитарлық алғашқы көмек саласындағы мейіргерлер қызметінің рөлі» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылады. 

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, бүгінгі таңда Қазақстанда 150 мыңнан астам мейіргер еңбек етеді. Орта медициналық қызметкерлерді даярлаумен қазіргі кезде 28 мемлекеттік және 40 жекеменшік медициналық колледж айналысады.  

http://www.strategy2050.kz/

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969