ЛУГАНСК: РЕФЕРЕНДУМНЫҢ ҚОРТЫНДЫСЫ ШЫҚТЫ
Луганск мәртебесіне байланысты референдум бюллетендері саналып болды. BBC-дың орыс тілді қызыметі таратқан ақпаратқа сай сайлаушылардың 95,98%-ы Луганск облысының тәуелсіздігін қолдап дауыс берген. Бұл туралы Луганск орталық сайлау комиссиясының орынбасар хатшысы Александр Малыхин Интерфакс арқылы жариялады. Оның сөзінше референдумға Лугансктың 70 пайыз, Луганск облысының 81 пайыз сайлаушылары қатысқан. Таңертеңгілік ақпараттарда Донецк мәртебесіне байланысты сайлау қортындысы хабарланған еді, онда сайлаушылардың 89%-дан астамы тәуелсіздік мәртебесін алуды қолдады деп көрсетілген. Кеше, 11 мамырда, Украина мен қатар Еуроодақ елдері, сондай-ақ АҚШ референдумды заңсыз деп бағалаған болатын. Бүгін таңертең Украина президенті міндетін уақытша атқарушы Александр Турчинов референдум сипатын заңсыз деп қайтара мәлімдемеме жасады. Айта кететін болсақ аталған референдумда ешқандай шетелдік бақылаушылар болған жоқ.
Абай-ақпарат