ЕСІМОВ ВЕЛО ЖАРЫС ЖОЛЫНДА
ҚазАқпараттың хабарлауына сай - Бүгін Алматыда жеңіс күніне орай бұқаралық велосипед жарысы өтті. Жарысқа қанша адамның қатысып жатқан велосипедшілердің ұзын-ырғасы 500 метрге жеткен. «Универсиада-2017» Мемлекеттік қорының маркетинг бойынша бас маманы Дидар Сағадиев жарыс туралы: «Бүгін біздің кезекті веложарысымыз өтіп жатыр. Ол Жеңіс күніне арналған. Бұл жарысқа негізінен қаладағы үш жоғары оқу орындарының, нақтырақ айтар болсақ: Қазақ ұлттық техникалық университеті, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті және Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның студенттері қатысуда. Сонымен қатар бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов те жарыс жолында» - деп мәлімдеген. Велосипедшілер жарысы әл-Фараби даңғылы мен Тәттімбет көшесінің қиылысында басталды. Мәре сызығы - ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақ. Айта кететін болсақ қала әкімі Есімовтің кортежінен түсіп, велосипед мінгені алғаш рет емес.
Абай-ақпарат