ҚЫТАЙДА СЕПЕРАТИСТІК ШАБУЫЛ БОЛДЫ
Қытайдың Гуанчжоу қаласының темір жол вокзалында пышақпен қаруланған белгісіз біреулер бейбіт тұрғындарға шабуыл жасап, 4 адам дене жарақаттарын алған. Қалалық қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ақпараты бойынша, полицейлер күдіктілердің бірін атып тастаған. Айта кетейік, дәл осындай оқиға өткен апта Үрімші вокзалында да ал басшысының Шыңжаңға сапары соңында болған еді. Ал, наурыз айында Куньмин қаласында пышақпен қаруланған бірнеше азамат вокзал кассасында кезекте тұрған адамдарға шабуыл жасап, бірнешеуін бауыздап тастаған болатын. Салдарынан отызға жуық адам көз жұмған.
Baq.kz-тің жазуынша Қытай билігі орын алған осынау оқиғалардың барлығына ұйғыр сепаратистерінің қатысы бар екенін айтып отыр.
Абай-ақпарат