Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 5343 0 пікір 5 Мамыр, 2014 сағат 11:57

Отарсыздандыр ылмағандықтарыңызбен!

Бодандық қамытты үзіп шыққан кез-келген мемлекет алдымен "біртіндеп отарсыздану" саясатын жүргізеді. Оның екі түрі бар. Бірінші - экономикалық отарсыздану. Яғни, метрополия иемденіп келген ұлттық байлықты мемлекетке қайтарып алу. Екіншісі - рухани отарсыздану. Яғни, тарихи ақтаңдақтарға әділ баға беріп, тарихты ұлттық мүдде тұрғысынан жазу. Бізде осы екі істің екеуі де жүргізілмеді. Жүргізілсе де кемшін тұсы көп. Мысалы, экономикада - игілігін метрополия көрген ұлттық байлық сол күйінде қалды немесе өнімді бөлісу туралы шартты халықтан жасырып, шетелге қайта сатылды. Ал рухани отарсыздану бойынша - қазақ тарихы аңыз-әфсанаға негізделді. Тіпті, еліміздің түкпір-түкпірінен табылып жатқан археологиялық қазбаларды меншіктей алмай, осы далада қайсыбір ғасырда өмір сүріп- жоғалып кеткен бізге қатыссыз тайпаларға жатқызып келдік. Екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбы - Ресей көзқарасынан айнымай беріліп келді. Ұлттық мүддені көздеген ұстаздардың жағасына - шәкірттері жармасып жатыр. 

Енді тарих оқулығын Ресей мен Қазақстан тарихшылары бірігіп жаза бастады. Бұл жерде - Ресейдің империялық амбициясы қазақ тарихшыларын тағы да тұншықтырып тастайтыны сөзсіз. Ал бір айдан соң - атын Еуразиялық Экономикалық Одақ деп өзгерткен ұлы метрополияға қош келіпсіз!
Отарсыздандырылмағандықтарыңызбен, господа!

Тоқтар Жақаш

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5297