Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Билік 6310 0 пікір 22 Сәуір, 2014 сағат 15:34

ҰЛТТЫҚ ИДЕЯНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ - ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ

 

11 сәуірде Жарма аудандық орталық кітапханасында А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана мамандарының қатысуымен Жарма, Зайсан, Тарбағатай, Көкпекті, Күршім, Ұлан аудандары кітапханашыларының аймақтық семинары өтті. Семинарға 46 кітапхана маманы қатысты.
Жарма аудандық кітапханасы семинар өткізу орны болып кездейсоқ таңдалған жоқ. Қалбатау ауылында Жарма аудандық Мәдениет бөлімінің бастығы Даутов Аманжол Төлеубекұлының басшылығымен облыс аудандары ішінде алғаш рет электронды зал ашылды. Ал жергілікті кітапханашылар кітапханалық жаңашылдықтарды өз еншісіне алған. Олар жерлестеріне жаңа білім, соның ішінде Интернет игеруге барынша қолдау көрсетуде.
Семинардың негізгі лейтмотиві – «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыруда облыстың кітапханалық бірлестіктерін жұмылдыру. Кітапханашылар «Мәңгілік елдің» мемлекет құру, жалпыұлттық жеті құндылығын қарастырды. Сондай-ақ, қызықты идея, тәжірибелермен, кәсіби жұмыстарымен алмасты. Қатысушылар ұрпақ жалғастығы, білім, дағды мен дәстүр сабақтастығы және Мәңгілік ел өкілдерін тәрбиелеудегі кітапхана рөлі жайлы ойларын ортаға салды.
Семинар аясында кітапханашылар кітапхана жанындағы Ауыл кәсіпкерлерін қолдаудың онлайн орталықтарын дамыту жайлы ойларын ортаға салды. Әріптестер бір-бірімен өздерінің сәтті оқиғаларымен бөлісіп, алдағы жұмыс жоспарлары, жаңа қызмет түрлерін енгізу мен дамыту жөнінде сөз қозғады.
Облыстық кітапхана әдіскері Р.С. Мязова семинарды қорытындылай келе, барлық қатысушыларға атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, Елбасының жергілікті қоғамдастық өмірін жақсартуға бағытталған жалынды сөздерін келтіре отырып, әріптестерін ары қарай шыңдала беруге шақырды.
0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969