"В КОНТАКТЕ" ФСБ-НЫҢ ҚАҚПАНЫНА ТҮСТІ
Ресейлік «Вконтакте» әлеуметтік желісінің негізін салушы Павел Дуров өз компаниясындағы жұмысынан шеттетілді. Тіпті ол өзінің жұмыстан кеткенін ақпарат құралдарынан естіп білген. Аталған желінің атқарушы директоры Павел Дуров осыған дейін Ресей қауіпсіздік қызметі (ФСБ) өзіне қысым жасағанын мәлімдеген болатын. ФСБ одан желіде тіркелген «Еуромайдан» белсенділерінің мәліметтерін беруді сұраған әрі ресейлік коррупциямен күресуші белсенді Алексей Навальныйдың сайттағы тобын жабуды талап еткен. Сәйкесінше Дуров талапты орындаудан бас тартқан болатын. Осыған байланысыты Өткен аптада Дуров Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің қысымымен компанядағы өзіне тиесілі 12 пайыз акциясын сатуға мәжбүр болғанын жазған еді. «Азаттық» радиосы атап көрсеткендей «Вконтакте» әлеуметтік желісі енді Ресей президенті Путиннің сенімді өкілдері Игор Сечин мен олигарх Алишер Усмановтың ықпалына толықтай көшті. Бұдан былай аталмыш желі ФСБ- ның қатаң бақылауында болып, желіде салынған ақпараттар сүзгіден өтетін болады.
"Абай-ақпарат"