Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5644 0 пікір 21 Сәуір, 2014 сағат 12:53

ЖАНСАЯ ӘБДІМӘЛІК ҮШІНШІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

Біріккен Араб Әмірлігінің Шардж қаласында өтіп жатқан ерлермен әйелдер арасындағы шахмат бәсекесінде жерлесіміз Жансая жүлделі орын алды. Әйелдер тобында өзара бақ сынасқан 23 шахматшының ішінде 14 жастағы Жансая Әбдімәлік үшінші орын иеленіп отыр. Рейтинг бойынша Жансая Әбдімәлік қатысушылар тізімінде 15-ші болып тіркелген. ҚазАқпараттың мәліметіне сай Қазақстандық шахматшы қыз тоғыз партияда 6,5 ұпай жинап, тек қосымша көрсеткіштері бойынша үнділік гроссмейстер Харике Дронаваллиден кейінгі үшінші орынды иеленді. Ал алғашқы орынды қытайлық Тан қанжығасына байлады. Сонымен қатар 26 сәуірде аяқталатын аталған дода да ерлер арасында 37 шахматшыдан Қазақстан намысын гроссмейстер Ринат Жұмабаев пен болашағынан мол үміт күттіретін жас шахматшы Мамырбай Асад қорғайды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1229
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2755
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 882
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 834