Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 5396 0 пікір 15 Сәуір, 2014 сағат 11:22

СОҚЫРМЕН КӨРШІ БОЛУДЫҢ ҚИЫНДЫҒЫ

Украинаның шығысындағы ахуал ушығып кеткен соң жексенбіден бері Киев "белгісіз қарулы топтың" шабуылына қарумен жауап беруге көшті. Антитеррорлық операция бастады. Анығын айтқанда Киев өзі "агрессор" деп атаған елді арқаланған сепаратистерге де, оның дем берушісіне де соғыс жариялады. Астана уақытымен дүйсенбінің таңғы алтысында Нью-Йоркте БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Украинадағы жағдайға байланысты төтенше жиын өткізеді. "Де-факто агрессордың" "де-юре агрессор" болып танылуына аз қалған сияқты.

Мұндай жағдайда БҰҰ өркениетті әлемдік қауымдастықтың атынан алдыңғы дауыс беруде агрессор елді қолдаған он шақты мемлекетке ғана емес, "қалыс қалған" кейбір маңызды ойыншыларға да: "Агрессормен біргесің бе, әлде қарсысың ба?" деген нақты, тіке сауал қоюы мүмкін. Бұл сұраққа: "Агрессордың агрессиясына түсіністікпен қараймын" деп міңгірлей екіұшты жауап беруге немесе тағы бір мәрте қалыс қалуға жол да қалмайды. Я қырық кісінің жағына өтесің, я қыңыр кісінің жағына өтесің. Еліміз екі оттың ортасынан аман шығады деп үміт етуден басқа қайран жоқ. Геосаясаттан хабары бар адам Қазақстанның бүгінге дейін Украина-Ресей шиеленісі кезінде дипломатияның бар амалын қолданып баққанын біледі. Ең шешуші сәтте ерге қараған ел жерге қарамасын деп тілейік.

(Ғалым Боқаштың фейсбуктегі парақшасынан)

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5299