Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5414 0 пікір 8 Сәуір, 2014 сағат 13:11

"ДОНЕЦК РЕСПУБЛИКАСЫ" ПУТИННЕН "КӨМЕК" КҮТІП ОТЫР

ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Украинаның Донецк облысында облыстық әкімшілік ғимаратын басып алған ресейшіл күштер аймақты "Донецк халықтық республикасы" деп жариялаған.

Мұндай шешімді Донецк облыстық кеңесі қабылдаған көрінеді. Олардың пікірінше, егер өздеріне Украина тарапынан қысым көрсетілсе, Путиндік Ресей қарап тұрмайды. Тіпті, арнайы әскер кіргізу үшін Ресейден көмек те сұрап қойыпты. 

Естеріңізде болса, Қырымдағы өзгерістер дәл осы сценарий бойынша өрбіген болатын. Ендігі кезек Шығыс Украинаға келген сияқты. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1238
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2766
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 892
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 838