Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3050 0 пікір 28 Мамыр, 2009 сағат 20:20

Ұбт-ның жыры басталды

Елiмiздiң бiлiм ошақтарында соңғы қоңырау соғылып үлгерместен, Бiлiм және ғылым министрлiгi ұлттық бiрыңғай науқанына қызу дайындықты бастап кеп жiбердi. Биыл елiмiз бойынша шамамен 132 мың 461 түлек мектеппен қоштасты. Оның 82 пайызы ұлттық бiрыңғай тестiлеуге (ҰБТ) қатысуға ниет бiлдiруде.

Естерiңiзге сала кетсек, ҰБТ-ға биыл бiршама өзгерiстер енгiзiлдi. Бұрын талапкерге 3 сағат берiлсе, биыл бұл уақытқа қосымша 30 минут қосылады. Және бiр жаңалығы сол, ҰБТ маусымның 1-де емес, 4-де басталып, сынақ мерзiмi 7 күнге ұзартылды. Ал тестiлеу сұрақтары жылдағыдай арнайы реестерде бекiтiлiп, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң тiкелей қадағалауында болады. Бiлiм және ғылым министрi Жансейiт Түймебаевтың мәлiметiнше, ҰБТ елiмiздiң 154 пунктiнде, яғни, 49 қала мен 105 ауылда өткiзу жоспарлануда. “ҰБТ мерзiмi бұрын 5 күн болса, биыл 7 күнге созылып отыр. ҰБТ кезiнде әр пункттегi топтағы екпiн саны қысқартылды. Бұрын 1500, 1000 болса, қазiр 800-ден аспайды. Бұл шара комиссияның, үмiткерлердiң ыңғайлы жұмыс iстеуiне мүмкiндiк туғызады” деген министр биылғы түлектер мемлекет тарапынан бөлiнген 35 мыңға жуық грант үшiн бақ сынайтынын жеткiздi.

Әдеттегi жағдай, жыл сайын ҰБТ науқаны кезiндi сыбайластық жемқорлыққа жол бермеуге тырысса да, дау-дамай шығып жатады. Тiптi, алдыңғы жылдары тест жауаптарын қолды қылып, саудалаған кейбiр өңiрдiң бiлiм саласындағы басшылары қатаң сөгiс алып, кейбiрi қызмет орнын босатқан едi. Былтырғы ҰБТ-дан да ши шығып, бұл мәселе Үкiметке бiр-ақ жеткен болатын. Қысқасы, елiмiздiң бiлiм саласына сынақтың осы түрi енгелi берi, әлi күнге кемшiлiктерi мен осал тұстары судың бетiне шығып келедi. Сол себептен де бұл жайт Үкiметтiң күн тәртiбiндегi тiкелей шаруасына айналып, ҰБТ дайындықтың барысын Премьер-министрдiң өзi жiтi бақылап отыратын болды.
Ал пәндерге қатысты талапқа өзгерту енген жоқ. Тест жауаптарының алдын-ала таратылып кетпеуiне министрлiк пен ұлттық қауiпсiздiк комитетi жауап бередi.
Айтпақшы, биыл ата-аналардан мектептi жөндеу жұмыстарына ақша жинауға үзiлдi-кесiлдi тыйым салынбақ. Және бiр айта кетерлiк жайт, мектептi бiтiретiн түлектер ас та төк мерекелiк дастарқан жайып, салтанатты қоштасу сәтiн үлкен мейрамханаларда тойламайды. Әсерлi де әдемi кештi олар өз бiлiм ұясының қабырғасында атап өтпек. Бiлiм және ғылым министрi Жансейiт Қансейiтұлы: “Мектеп жөндеуге байланысты ата-аналардан, оқушылардан ешқандай ақша жиналмауы тиiс. Егер қаржы жинап, тәртiптi, заңды бұзған азаматтар болса, бiз оларды тексерiп, шара қолданамыз” деп баса айтты.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ
«Түркістан» газеті 28 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364